• Басты
  • >
  • Қиналғанда табылатын қасыңнан...

Қиналғанда табылатын қасыңнан…

02.12.2021

Өмірде түрлі жағдай болады. Әсіресе жұмсақтап айтқанда заң үстемдік құрмаған біздің елдегі саяси жүйеде азаматтардың құқығының шектелуі өкінішке орай заңды құбылыс. Көпшіліктің кәсіби заңгерге жүгінуге шамасы жетпейді. Осы кезде алғашқы көмекке келетін көше заңгерлері. Алматыда дәл осы көше заңгерлерінің білігін арттыру мақсатында екі кндік семинар өтті.

Азаматтардың басым бөлігі заңдық тұрғыдан әлсіз. Өз құқығын қорғауда білімі мен жігері жете бермейді. Көп жағдайда кәсіби заңгерге жүгіну үшін қаражаттан қысылады. Осындай кезде әрқашан көмекке келетін маманданған заңгер болмаса да жол сілтеп, қол ұшын беретін «көше заңгерлері» (параюрист) немесе құқыққорғаушылар. Алматыда әлсіз топтарға алғашқы заңгерлік, кеңестік көмек беруші көше заңгерлеріне арналған екі күндік семинар өтті. Семинар Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы бойынша халықаралық Бюро және Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен бірлескен жоба аясында өткізілді. Жоба Ғаламдық қор қаржылық қолдауымен жүзеге асуда.

Жоба үйлестірушісі Мария Расулованың айтуынша, бұл жоба жекелеген әлсіз топтар үшін өте маңызды.

Бірінші күні спикер ретінде Бюро директорының орынбасары, білікті заңгер, құқыққорғаушы Денис Дживага сөйледі. Ол қатысушыларға Қазақтан Республикасы заңдарына сәйкес азаматарды құжаттандыру, азаматтық алу, ел аумағында уақытша тұру құжатын рәсімдеу бойынша семинар жүргізді.

Сонымен қатар, пандемия кезіндегі азаматтардың құқығының шектеуінің ақылға қонымды шегі бойынша да сарапшы пікірімен бөлісті. (фото)

Екінші күні белгілі адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Инара Масанова семинар жүргізді. Спикер, онлайн сот жүйесі, жабық мекеме жағдайындағы азаматтарға заңгерлік кеңес бойынша заңнамамен, жеке практиксымен бөлісіп, өте кәсіби деңгейде кеңестер берді.

Адвокаттың айтуынша, мұндай сеинарлар өткізу өте маңызды.


Сондай-ақ қараңыз