ҚазТАГ басшылығына қатысты сот процесі басталды
  • Басты
  • >
  • ҚазТАГ басшылығына қатысты сот процесі басталды

ҚазТАГ басшылығына қатысты сот процесі басталды

15.06.2026

КазТАГ басшысы Әсет Матаев пен оның бас редакторы Амир Касеновтың үстінен қозғалған іс бойынша сот 15 маусымда қарала бастайды

Алматының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» жетекшісі Әсет Матаев пен оның бас редакторы Амир Касеновтың үстінен сот процесі басталды. 

Оларды «Көрінеу жалған ақпарат таратты» деп айыптап, 274-бап бойынша жазаға тартып жатқаны мәлім. 

11 маусым күні басталуы керек сот 15 маусымға шегерілді. Сотқа екі адамның келмеуіне байланысты процесс осындай шешім қабылданды. Адвокаттың түсіндіруінше, бастапқыда процесс 15 маусымға белгіленген еді және қатысушылар сол күнге билет алып қойған. Алайда ізінше “белгісіз себеппен” 11-іне ауыстырылған. Осылайша қатысушылар келе алмаған.

Әсет Матаевтың айтуынша, “жалған ақпарат тарату” ісіне “бұзақылық” ісі қосылып, бірге қаралмақ. Ол оның себебін білмейді. 

“Мен Қазақстан тарихында бір мезетте Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша іске тартылған алғашқы журналист шығармын” деді ол

Матаевтың айтуынша, оның іс әрекетінде ешқандай да «бұзақылық» болмаған. Журналист Алмалы аудандық сотына темір шоқпармен келді. Айтуынша, оны «Достық плаза» сауда орталығының алдында дәл сондай шоқпармен ұрған. «Мен басымнан қатты жарақат алдым. Сүйегім жарылды. Байқасаңыздар, сол көзім қозғалмайды. Негізінен, мені жәбірленуші деп тануы керек еді. Бірақ, тергеу оған бармады. Не себепті «бұзақылық» ісін «Көрінеу жалған ақпарат тарату» ісімен бірге қарап жатқаны маған түсініксіз» деді Әсет Матаев. 

Бұған дейін КАЗТАГ бас редакторы Амир Касенов Тоқаевқа үндеу жариялаған еді. Онда журналист былай деді: «Жақында қабылданған жаңа Конституция туралы айтқан сайын, Сіз оның ең маңызды міндеттерінің бірі – ұлттық қауіпсіздік пен егемендікті қорғау екенін үнемі атап өтесіз. Мен Сіз жариялаған қағидаттарға шын жүректен сенемін. Өзіме хабарласып, кездесуді өздері талап етіп, өз ұстанымдарын екінші тарап ретінде жариялауды өздері сұраған адамдарға алаң ұсынғаным үшін, олар маған құжаттар мен барлық мүмкін болатын мекемелерге, соның ішінде Президент Әкімшілігіне жолдаған көптеген өтініштерін әкелгеннен кейін журналистік қызметіме байланысты қылмыстық қудалауға ұшырағанға дейін мен тек азаматтарымыздың, еліміздің және ұлттық қауіпсіздігіміздің мүддесін ғана басшылыққа алдым. Ал қазір мені, шын мәнінде, Қазақстанның нағыз патриоты ретінде Отанымды қорғағаным үшін заңсыз қудалап отыр. Сондықтан, құрметті Президент мырза, сөзімді қорытындылай келе, бұрын қойылмаған тағы бір сұрағым бар – менің Отаным мені қорғай ма?»

КазТАГ басшыларына қатысты сот процесі 15 маусым күні, сағат 9-30 да Алмалы аудандық сотында басталатын болды. Айта кетерлігі, журналистер залға кіргізілмей, процесті монитордан бақылайтын болды.