• Басты
  • >
  • «Front Line Defenders»: Қазақстанда Евгений Жовтисті қаралау мақсатында онлайн науқан ұйымдастырылды

«Front Line Defenders»: Қазақстанда Евгений Жовтисті қаралау мақсатында онлайн науқан ұйымдастырылды

12.05.2020
Евгений Жовтис бейбіт жиындар туоалы жаңа заң туралы

«Front Line Defenders» ұйымы құқық қорғаушы Евгений Жовтиске жасалған ақпараттық шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.

Ұйым жариялаған мәлімдемеде қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Евгений Жовтиске қарсы 29-шы сәуір мен 3-ші мамыр аралығында ақпараттық шабуыл ұйымдастырылғаны жөнінде жазылған. «2020 жылы 29-шы сәуір мен 3-ші мамыр аралығында қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде құқық қорғаушы Евгений Жовтисті кемсіту мақсатында онлайн науқан ұйымдастырылды. Қудалаулар оның «бейбіт жиын туралы» заң жобасына қатысты пікіріне байланысты жүргізілді», – делінген мәлімдемеде.Бұдан бөлек, ұйым жариялаған мәлімдемеде құқық қорғаушыға қарсы науқанға «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қазыбек Иса, «Kerek Media Group» директоры Аршат Ораз және өзге де медиа-менеджерлердің қатысқаны жөнінде айтылған.

«Front Line Defenders» ұйымы Евгений Жовтиске қарсы ақпараттық шабуыл жүргізгендердің жазасыз қалуы болашақта құқық қорғаушыларға күш қолдануға ұласама деп алаңдайды.

«Front Line Defenders» ұйымы Евгений Жовтиске қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандардың жазаланбағанына алаңдаушылық білдіреді. Жазасыз қалау билікпен келіспейтін, оны сынайтын құқық қорғаушыларға деген қарым-қатынасты одан ары ушықтыруы мүмкін.

«Front Line Defenders» саяси көшбасшылар мен танымал БАҚ өкілдерінің ақпараттық шабуылға араласқанына алаңдайды. Бұндай іс-әрекеттер құқық қорғаушыларға қарсы күш қолдануға алып келуі мүмкін», – делінген мәлімдемеде. 


Сондай-ақ қараңыз