• Басты
  • >
  • Белсенді Ардақ Әшімді сот жүйке аурулары емханасына жатқызды

Белсенді Ардақ Әшімді сот жүйке аурулары емханасына жатқызды

31.03.2018

Наурыздың 31-і күні таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне тергеу ісі бойынша жауап беруге шақыртылған шымкенттік азаматтық белсенді Ардақ Әшімді облыстық жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызған деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Ардақ Әшім «Азаттық» радиосы тілшісіне: «Тергеуші Бақытжан Сыздықовтың шақыруымен бүгін таңертең сағат 10 кезінде облыстық ішкі істер департаментіне бардым. Тергеуші мені мәжбүрлі түрде жүйке аурулары диспансеріне жатқызу туралы сот қаулысы шыққанын хабарлап, сосын қарулы полицейлер жедел жәрдем көлігімен осында алып келді. Өз еркімнен тыс, күйеуім мен қызымның келісімінсіз мені осында жатқызды», – деген.

Белсенді өзін жүйке аурулары диспансеріне жатқызу туралы сот қаулысы қашан шыққанын білмейтінін айтқан.

Осыдан екі апта бұрын полиция қызметкерлері Ардақ Әшімнің Шымкенттегі үйін тінтігені, оның үстінен Қылмыстық баптың 174 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы біз жазған едік. Сол кезде bureau.kz тілшісіне сұхбатта Ардақ Әшім оның үстінен арызды жергілікті әкімшіліктің ішкі саясат басқармасы жазғанын айтқан еді.

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз