• Басты
  • >
  • Алтыншы. Өзбекстан Үкіметінің қарақалпақ құқық қорғаушыларын қудалауы

Алтыншы. Өзбекстан Үкіметінің қарақалпақ құқық қорғаушыларын қудалауы

18.02.2024

Алматыда қарақалпақстандық азаматтық  белсенді Ақылбек Мұратов ұсталды. Ол 2022 жылы Нүкістегі наразылық басылғаннан бері өзбек тарапының өтініші бойынша Қазақстан билігі тұтқындаған алтыншы азаматтық белсенді  болды.

15 ақпан күні кешке қарақалпақстандық құқық қорғаушы Ақылбек Мұратов (Мұратбай) Twitter-де «олар соңынам келді» деп жазып үлгерді.

Қазақстандық полицейлер өзбек әріптесінің қатысуымен оны Алматы қалалық полиция департаментіне алып кетті. Өзбек тарапы оны қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін (Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-бабы, 1-тармағы) және конституциялық құрылысқа қол сұғушылық (159-бап) бар материалдарды дайындаған және сақтаған деп айыптайды.

Шетелде тұратын басқа да қарақалпақ белсенділеріне де осындай айып тағылды. Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Өзбекстан азаматы Мұратов 2022 жылғы шілдеде Ташкент тарапынан аяусыз басып-жаншылған Қарақалпақстандағы наразылық шеруіне қатысушыларды қудалау және Қарақалпақстандағы белсенділердің жағдайы туралы Қазақстандағы негізгі арналардың бірі болды.


Сондай-ақ қараңыз