25 күн қамауда отырған белсенді қайтадан 25 күнге қамауға алынды
  • Басты
  • >
  • 25 күн қамауда отырған белсенді қайтадан 25 күнге қамауға алынды

25 күн қамауда отырған белсенді қайтадан 25 күнге қамауға алынды

12.08.2026

Оралда 25 күн қамауда отырған азаматтық белсенді Маруа Ескендірова қайтадан 25 күнге қамауға алынды.

10 тамыз, күндіз қамаудан шыққан соң Маруа Ескендірова аштық акциясын қайтадан өткізіп, халықтың жағдайын жақсартуды талап еткен. Белсенді алаңға шыққаннан кейін бірден оның қасына полиция, әкімдік және прокуратура қызметкерлері келген.

Белсенді наразылық акциясына «Әлеуметтік мәселелерді шешуді және тұрғын үй салу үшін 10 сотық жер бөлуді талап етемін» деген жазуы бар футболка киіп, басына «Аштық» деген жазуы бар таңғыш тағып шыққан.

Сот Маруа Ескендірованы «бейбіт жиын тәртібін бұзды» деп айыптап, қайтадан 25 тәулікке қамауға алды. Бұл оның қысқа уақыт ішінде үшінші рет ұсталуы.

Белсенді бұған дейін де Оралдағы Абай алаңына наразылық акциясына шыққан. «Бейбіт митингілер мен пикеттер өткізу құқығын талап етіп», мерзімсіз аштық жариялайтынын мәлімдеген.

Бұдан бөлек, ол бағаны төмендетуді, зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды көтеруді, сондай-ақ азаматтарға тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беруді талап еткен.

Акция басталғанға дейін Ескендірова әкімдікке аштық жариялайтыны туралы хабарлама жолдаған, алайда жауап алмаған.

Ескендирова үшін қазіргі ұстаулар мемлекеттік күш құрылымдарымен алғашқы қақтығыс емес.

2023 жылғы ақпанда оны және тағы бір белсенді Амангелді Оразбаевты Қазақстанда қызметіне тыйым салынған оппозициялық «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының қызметіне «қатысты» деп кінәлі деп таныды. Ұйым Астанада өткен жабық соттың шешімімен экстремистік деп танылған. Ал Еуропалық парламенттің қарарларында ҚДТ бейбіт оппозиция ретінде аталады.

Белсенділер парақша таратып жүрген кезде ұсталған. Кейін сот оларға бір жарым жылға бас бостандығын шектеу және екі жыл бойы қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындады. Кейіннен Ескендирова негізгі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға қол жеткізді.

Алайда оның мемлекеттік органдармен текетіресі одан да ертерек басталған.

Ескендирова 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде өзіне күш қолданылғанын және өзін саяси қудалаудың нысаны деп санайтынын бірнеше рет айтқан.

Бүгінде осы және әйелді моральдық тұрғыдан сындыруға бағытталған деп бағаланатын басқа да әрекеттерге жаңа әкімшілік қудалау сериясы қосылды. Оның себебі — Қазақстанның бұрынғы Конституциясы да, қазіргі жаңа Конституциясы да кепілдік берген бейбіт жиналыстар бостандығына қатысты құқығын жүзеге асыруға әрекет жасауы.

Алайда іс жүзінде бұл құқықтың қаншалықты шектелгені Маруа Ескендированың тағдырынан анық көрінеді: алаңға шығу, әлеуметтік мәселені көтеру немесе бейбіт акция туралы жариялау — тағы бір әкімшілік қамауға түсуге жеткілікті болуы мүмкін.