• Басты
  • >
  • Құқық қорғаушылар Айгерім Тілеужанды саяси тұтқын деп таныды

Құқық қорғаушылар Айгерім Тілеужанды саяси тұтқын деп таныды

14.09.2023

Құқық қорғаушылар «Қанды Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған журналист, саяси белсенді Айгерім Тілеужанованы саяси тұтқын деп таныды. Бұл жөнінде «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қорының басшысы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді. 

Оның сөзінше, қазақстандық құқық қорғаушылардың сараптамалық кеңес мүшелері Ғалым Ағелеуов, Лұқпан Ахмедияров, Зәуреш Батталова, Гүлмира Біржанова, Анара Ибраева, Евгений Жовтис, Ерлан Қалиевтер Айгерім Тілеужанды саяси тұтқындар қатарына қосуды ұйғарып, шешім қабылдаған. 

11 шілдеде Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Әйгерім Тілеужанованы 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменовті 8 жылға бас бостандығынан айырған. Олардың барлығы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Айгерім Тілеужан істің саяси астары барын айтып, оны саяси тапсырыс деп бағалаған. 


Сондай-ақ қараңыз