• Главная
  • >
  • Презентация доклада «Стрелять на поражение…»

Презентация доклада «Стрелять на поражение…»

03.06.2023

05 июня 2023 года (понедельник) в г.Алматы в Казахстанском пресс-клубе в 11.00 состоится презентация доклада «Стрелять на поражение…», подготовленного правозащитниками по итогам «кантарской» трагедии – Qantar2022.

В январе 2022 года в Казахстане произошли события, которые унесли жизни более двухсот человек, включая сотрудников правоохранительных органов, а сотням других граждан были нанесены телесные повреждения, в том числе тяжкие.  

Уже 14 января 2022 года ряд казахстанских правозащитных организаций создали Правозащитный альянс в поддержку фундаментальных прав,  главной целью которого определили содействие объективному и беспристрастному установлению хронологии, хода протестов, анализу действий правоохранительных органов и различных групп демонстрантов, причин перехода протестов из мирной фазы в насильственную, соблюдению фундаментальных прав граждан в ходе расследования с тем, чтобы строго соблюдались стандарты справедливого судебного процесса, недопущение пыток и жестокого обращения, обеспечивались гарантии, что каждый будет отвечать именно за то, что он или она сделали, виновные будут справедливо наказаны, а невиновные не окажутся в сфере уголовного преследования, четкому разделению мирных участников протестов, включая представителей политической оппозиции и гражданских активистов, от осуществлявших насильственные действия.

В рамках этой деятельности при поддержке других организаций и коалиций неправительственных организаций, экспертов и гражданских активистов за прошедшее со времени событий время были выпущены Аналитический отчет «О соблюдении прав лиц, задержанных в ходе и после январских событий 2022 года, на стадии досудебного расследования» (август 2022 г.), Аналитический доклад «Трудовые права, профсоюзы: январские события 2022 года в Казахстане» (август 2022 г.), Отчет «Мы даже больше не плачем»: пытки, жестокое обращение и безнаказанность в Казахстане в связи с событиями «кровавого января» (февраль 2023 года). Готовится Аналитический отчет о соблюдении права на справедливое судебное разбирательство в отношении лиц, привлеченных к уголовной ответственности в связи с январскими событиями 2022 года.

Правозащитники с первых дней трагедии стали вести документирование методом личного опроса и контактов с участниками событий и их родными, путем сбора информации на местах, изучения видеоматериалов, полученных из средств массовой информации и от частных лиц письменных документов. Всего было просмотрено более 1000 часов видеозаписей и изучено более 10 000 страниц различных документов, касающихся Qantar2022. Собранные материалы позволили достоверно установить некоторые фактические обстоятельства январской трагедии, зафиксировать нарушения прав и свобод граждан и оценить действия властей Казахстана в соответствии с международными стандартами в области прав человека. 

Всего Центром документирования Правозащитного альянса задокументировано 600 кейсов, связанных с Qantar2022, из них 579 по свидетельствам граждан, 9 кейсов по результатам переписки с госорганами и 12 кейсов по конкретным событиям. Среди опрошенных 542 мужчин и 37 женщин. Установлено 217 погибших, из них задокументировано 175 человека (95%, согласно справкам из моргов и показаниям родственников, имеют огнестрельные ранения) из 9 городов Казахстана: Алматы, Талдыкоргана, Шымкента, Тараза, Актобе, Кызылорды, Семея, Усть-Каменогорска и Атырау.

Зафиксированы нарушения следующих прав и свобод человека:  право на жизнь право граждан на мирные собрания и протест, право на свободу и личную неприкосновенность, право на справедливый судебный процесс на стадии досудебного расследования и судебного разбирательства, включая право на защиту, на доступ к информации. Отмечено также отсутствие эффективного взаимодействия между полицией̆ и мирными участниками протестов, мирных собраний, что, помимо прочего, привело к многочисленным актам насилия и пыток, злоупотреблению термином «террористы» и др.

Собранная информация показывает, что во многих случаях власти применили чрезмерную силу, а действия силовиков, использовавших летальное оружие 5, 6 и 7 января 2022 года на поражение для подавления протестов, зачастую не были обоснованными, что привело к большому количеству жертв. Были также отмечены пытки и жестокое обращения, включая гибель людей в результате пыток и причинение им тяжких телесных повреждений. 

Авторы доклада поставили вопросы властям, на которые ждут подробные ответы:

1. Когда будут опубликованы списки погибших с полными данными: ФИО, год рождения, город, дата смерти, причина смерти, обстоятельства гибели, место обнаружения тела?

2. Почему не привлечены к ответственности руководители регионов и/или административно-территориальных единиц, где происходили беспорядки и допущена  гибель граждан? 

3. Почему не привлечено к ответственности руководство силовых структур в связи с утечкой оружия, гибелью граждан в результате неправомерного применения летального оружия, смертью от пыток в зданиях правоохранительных органов?

4. Когда начнется реальное реформирование органов национальной безопасности, как было обещано президентом страны К.Токаевым, а также установлены и привлечены к ответственности лица, входившие в состав организованных групп, осуществлявших насилие, которые как предполагается, курировались сотрудниками силовых структур?  5. Закон Республики Казахстан о правоохранительной службе предусматривает право сотрудников правоохранительных органов применять физическую силу, специальные средства, а также огнестрельное и иное оружие, в том числе и на поражение, однако в этом случае только при наличии непосредственной угрозы жизни и здоровью самих сотрудников или других граждан. Причем законодательство содержит ряд условий такого применения силы и оружия. В связи с этим возникает вопрос: были ли в каждом отдельном случае применения оружия на поражение и гибели граждан соблюдены все определенные в законодательстве условия?   Это лишь некоторые вопросы, вытекающие из доклада и которые в нем содержатся, так же, как и рекомендации руководству страны и правоохранительным органам.

Дата: 05.06.2023

Время: 11.00

Место: Казахстанский пресс-клуб

Адрес: Алматы, микрорайон Самал-2 дом 58, БЦ “Сәтті”

Телефон: 8 (7272) 64 67 37

Доклад на русском языке ЗДЕСЬ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2023 жылғы 5 маусымда (дүйсенбі) сағ.11.00-де Алматы қаласындағы Қазақстан баспасөз клубында «Қаңтар қасыреті» — Qantar2022 қорытындысы бойынша құқық қорғаушылар дайындаған «Ескертусіз оқ ату» баяндаманы таныстыру өтеді.

2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда екі жүзден астам адамның (құқық қорғау органдары қызметкерлерін қосқанда) өмірін қиған оқиғалар орын алды. Жүздеген  адам  жараланды, оның ішінде ауыр жарақаттанғандар бар.

2022 жылғы 14 қаңтарда қазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары іргелі құқықтарды қолдау мақсатында Құқық қорғау альянсын құрды. Оның  басты мақсаттары – хронологияны, наразылықтардың барысын шынайы және бейтарап айқындау, құқық қорғау органдары мен әртүрлі демонстранттар топтарының іс-әрекеттеріне талдау жасау, наразылықтардың бейбіт кезеңнен зорлық-зомбылыққа өту себептерін анықтау, тергеу барысында азаматтардың іргелі құқықтарын сақтауға жәрдемдесу арқылы әділ сот процесі стандарттарының қатаң сақталуына, азаптау мен қатыгездікке жол берілмеуіне, жасаған істері үшін әркімнің өзінің жауап беруі кепілдіктерінің қамтамасыз етілуіне, кінәлілердің әділ жазалануына, ал кінәсіздердің қылмыстық қудалауға түспеуіне, наразылықтардың бейбіт қатысушыларын, соның ішінде саяси оппозиция өкілдері мен азаматтық белсенділерді зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаушылардан жіті ажыратуға жәрдемдесу.

Осы қызмет шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен коалициялардың, сарапшылардың және азаматтық белсенділердің қолдауымен оқиға болғаннан бергі уақыт аралығында төмендегідей талдамалық есептер шықты. «2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар барысында және одан кейін сотқа дейінгі тергеу сатысында ұсталған адамдардың құқықтарының сақталуы туралы» (2022 жылғы тамыз), «Еңбек құқықтары, кәсіподақтар: Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар оқиғалары» (тамыз 2022 ж.), «Біз бұдан былай жыламаймыз»: Қазақстандағы «қанды қаңтар» оқиғасына байланысты  азаптау, қатыгездік көрсету  және ондай әрекеттер үшін жазаланбаушылық (2023 жылғы ақпан) есебі. 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға қатысты әділ сот талқылауы құқығының сақталуы туралы талдамалық есеп дайындалуда.

Қасыреттің  алғашқы күндерінен бастап құқық қорғаушылар құжаттаманы оқиғаларға қатысушылармен және олардың туыстарымен жеке сауалнама жүргізу және байланысу әдісімен, жергілікті жерлерде ақпарат жинау, бұқаралық ақпарат құралдарынан және жеке тұлғалардан алынған бейнематериалдарды зерттеу арқылы жазбаша құжаттар жүргізе бастады. Барлығы 1000 сағаттан астам бейне жазбалар қаралды және Qantar2022-ге қатысты әртүрлі құжаттардың 10 000-нан астам беті зерттелді. Жиналған материалдар қаңтар қасыретінің кейбір нақты мән-жайларын сенімді түрде анықтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын тіркеуге және Қазақстан билігінің адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес іс-әрекеттерін бағалауға мүмкіндік берді.

Құқық қорғау альянсының құжаттандыру орталығы Qantar2022-ге байланысты барлығы 600 кейсті құжаттады. Оның ішінде 579 кейс азаматтардың куәліктері бойынша, 9 кейс мемлекеттік органдармен хат алмасу нәтижелері бойынша және 12 кейс нақты оқиғалар бойынша. Сауалнамаға қатысқандардың арасында 542 ер адам мен 37 әйел бар. Қаза тапқандардың 217-сі анықталды, олардың 175-і құжатталған (95% — ы мәйітханалардан алынған анықтамаларға және туыстарының айғақтарына сәйкес атыс жарақаттары бар) Қазақстанның 9 қаласынан: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Өскемен және Атырау қалаларынан.

Адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы тіркелді: өмір сүру құқығы, азаматтардың бейбіт жиналыстар мен наразылыққа құқығы, бостандық және жеке қол сұғылмаушылық құқығы, сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы сатысында әділ сот процесіне құқық, оның ішінде қорғауға, ақпаратқа қол жеткізуге құқық. Сондай-ақ, полиция мен наразылықтардың, бейбіт жиналыстардың бейбіт қатысушылары арасында тиімді өзара іс-қимылдың жоқтығы атап өтілді. Бұл, басқа жайттармен қатар, көптеген зорлық-зомбылық пен азаптау актілеріне, «террористер» терминін теріс пайдалануға және т. б. әкелді.

Жиналған ақпарат көптеген жағдайларда биліктің шамадан тыс күш қолданғанын және 2022 жылдың 5, 6 және 7 қаңтарында наразылықтарды басу үшін  өлім қаруын қолданған қауіпсіздік күштерінің әрекеттері көбінесе негізсіз болғандығын, көптеген құрбандықтарға ұрындырғанын көрсетеді. Сондай-ақ азаптау мен қатыгездік, соның ішінде азаптау салдарынан адамдардың қаза табуы және оларға ауыр дене жарақатын салу туралы деректер атап айылды.

Баяндама авторлары билікке егжей-тегжейлі жауаптар күтетін мынандай  сұрақтар қойды:

1.Қайтыс болғандардың тізімдері толық деректерімен: аты-жөні, туған жылы, қаласы, қайтыс болған күні, қайтыс болу себебі, қайтыс болу жағдайлары, денені анықтау орны көрсетіліп қашан жарияланады?

Неліктен тәртіпсіздіктер орын алған және азаматтардың қаза болуына жол берілген өңірлердің және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшылары жауапқа тартылмаған?

Неліктен құқық қорғау органдарының ғимараттарында қару-жарақтың қолды болуына, ажал құштыратын қаруды заңсыз қолдану салдарынан азаматтардың қаза табуына, азаптаудан қайтыс болуына байланысты күштік құрылымдардың басшылары жауапқа тартылмаған?

Ұлттық қауіпсіздік органдарын нақты реформалау қашан басталады, ел президенті Қ. Тоқаев уәде еткендей, сондай-ақ күштік құрылымдардың қызметкерлері жетекшілік еткен деп болжанатын зорлық-зомбылықты жүзеге асырған ұйымдасқан топтардың құрамына кірген адамдар қашан анықталып, жауапқа тартылады?

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі туралы заңы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, сондай-ақ атыс қаруын және өзге де қаруды, оның ішінде адам өлтіретін қаруды қолдану құқығын көздейді, алайда ол қызметкерлердің немесе басқа азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ғана қолданылуы керек делінген. Сонымен қатар, заңнамада мұндай күш пен қаруды қолданудың бірқатар шарттары бар. Осыған байланысты сұрақ туындайды: азаматтарды өлтіруге және қырып салуға қару қолданған әрбір жеке жағдайда заңнамада белгіленген барлық шарттар сақталған ба?

Баяндамадан алынған деректердің,  ел басшылығы мен құқық қорғау органдарына жолданатын ұсыныстардың шағын сипаттамасы осындай.

Қазақша есеп ОСЫ ЖЕРДЕ


Смотрите также