«Құқық үстемдігі, құқық қорғаушылар мен белсенділердің құқықтарын қорғау» онлайн-тренингі
  • Басты
  • >
  • «Құқық үстемдігі, құқық қорғаушылар мен белсенділердің құқықтарын қорғау» онлайн-тренингі

«Құқық үстемдігі, құқық қорғаушылар мен белсенділердің құқықтарын қорғау» онлайн-тренингі

25.11.2026

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (ҚМБП және ЗС) азаматтық белсенділерді, журналистерді және құқық қорғаушыларды құқықтық қорғау тетіктеріне арналған оқыту онлайн-тренингіне қатысуға шақырады.

Іс-шара 2026 жылғы 27 қарашада сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Тренингтің жұмыс тілі: қазақ/орыс тілдері.

Қатысу: тегін, онлайн форматта.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:

1. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ҚР ӘРПК) рәсімдері шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау.

2. «Қауіпсіз сөз»: желідегі белсенділіктің құқықтық шеңбері және медиа-кеңістіктегі бұзушылықтар үшін жауапкершілік.

3. ҚР ӘҚБтК және ҚР АК шеңберінде қудалаудан қорғану (жалған ақпарат тарату айыптаулары бойынша, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істер бойынша).

4. Полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимыл кезіндегі құқықтық қауіпсіздік: бағынбау туралы айыптаулардың алдын алу.

Спикерлер:

Маржан Аспандиярова (құқық қорғаушы, заңгер, медиа құқығы, сайлау заңнамасы және бейбіт жиналыстар бостандығы саласындағы сарапшы);

Ерлан Қалиев (құқық қорғаушы, заңгер, саясат жөніндегі сарапшы).

Іс-шараны ҚМБП және ЗС директоры Денис Дживага ашады.

Әр блоктан кейін дискуссияға және қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге уақыт көзделген.

Zoom арқылы онлайн қатысуға болады:

https://us02web.zoom.us/j/86379518539?pwd=dtuaF8HertGj8WpSXUsuo3CGeL5sbR.1

Конференция идентификаторы: 863 7951 8539
Кіру коды: 402940

Қосымша ақпарат WhatsApp арқылы: +7 747 748 44 80 (Юлия Плотнерчук)