Белгілі құқық қорғаушылар сенат төрағасына хат жолдап, Рақымшылық туралы заңынан қылмыстық кодекстің 150-бабын алып тастауына келіспеушілігін білдірді
Белгілі құқық қорғаушылар, Президент жанындағы Адам құқықтары комиссия мүшелері Жеміс Тұрмағамбетова мен Виталий Воронов сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа хат жолдап, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланбақ рақымшылық заңына Қылмыстық кодекстің 150-бабын енгізуді ұсынды.
Бұл бап бойынша Қазақстанның тәуелсіз тарихында бір ғана адам – белгілі қоғам қайраткері, экономист Оразалы Ержанов сотталды.
2 мамыр күні Алматының Алмалы аудандық соты заңсыз алынған активтерді қайтару мәселелерімен айналысатын Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі Оразалы Ержановты сайлау құқықтарын жүзеге асыруға және сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтірді деп танып, оның бостандығын 4 жылға шектеу және 5 жыл қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім шығарған.
Оразалы Ержанов сотта өзінің кінәсін мойындамады. Референдум кезінде оған бойокт жариялауды қоғам қайраткері қылмыс емес деп санайтынын жеткізді. Алайда, оған қарамастан, Алмалы аудандық соты оны кінәлі деп таныды.
«Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңның қолданылуы таралмайтын Қылмыстық кодекс баптарының тізбесіне ҚР ҚК-нің 150-бабын енгізу жасанды сипатта көрінеді және тек бір мақсатты – нақты бір тұлғаға, атап айтқанда Ержанов У.С.-ке қатысты рақымшылық актісін қолдануға жол бермеуді көздейтіндей әсер қалдырады. Мұны жанама түрде жоғарыда аталған мән-жай да растай алады: заң шығарушы бұрын әлеуметтік осал санатқа жатқызған тұлғаларға, оның ішінде 60 жасқа толған ер адамдарға рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігінің алынып тасталуы. Бұл санатқа Ержанов У.С. те жатады.
Біздің пікірімізше, мұндай тәсіл Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 14-бабымен және жаңа Конституциясының 16-бабымен тыйым салынған азаматтарды кемсітудің көрінісі болып табылады.
Осыған байланысты, Сізден біздің құқық қорғаушылық ұстанымымызды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды Сенаттың пленарлық отырысында талқылауға дейін Сенат депутаттарының назарына жеткізуді сұраймыз» деп жазды құқық қорғаушылар Тұрмағамбетов мен Воронов.