• Басты
  • >
  • Халықаралық ұйым блогерді босатуға шақырды

Халықаралық ұйым блогерді босатуға шақырды

30.01.2025

IHPR ұйымы Темірлан Еңсебектің және оны қолдаушы азаматтардың қамалуын қатаң айыптады

Халықаралық International Partnership for Human Rights ұйымы журналист Темірлан Еңсебекті қылмыстық қудалауды тоқтатып, оны дереу түрмеден босатуға шақырды.

«Қазақстандағы сатиралық блогердің ұсталуына байланысты еркін пікір білдіруді шектеу және билік сыншыларын жазалау үшін жалпылама қылмыстық баптардың қолданылуы алаңдаушылық тудырып отыр.

2025 жылғы 17 қаңтарда қазақстандық блогер,  Qaznews24 сатиралық Instagram арнасын жүргізуші Темірлан Еңсебек, Алматыдағы үйінде жүргізілген тінтуден соң ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің (174-бап) жалпылама сөздермен жазылған нормасы бойынша «ұлтаралық алауыздықты қоздыру» айыбы тағылды, және жергілікті сот оны екі айға қамауға санкция берді. Егер кінәлі деп танылса, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- делінеді IHPR мәлімдемесінде.

Халықаралық ұйым блогерді аса ауыр баппен айыптауды қатаң сынайтынын және мұның тым қатал жаза екенін баса айтады. Сонымен бірге, Еңсебекті қолдап шыққан оның әріптестерін әкімшілік қамауға алуды да аталмыш ұйым орынсыз деп қабылдайды.

Одан әрі ұйымның мәлімдемесінде былай делінеді: «Өткен аптада Женевада Қазақстанның адам құқықтары саласындағы жағдайы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қолданыстағы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің аясында қаралған кезде, БҰҰ мүшелері осы үрдістерге алаңдаушылық білдіріп, үкіметті блогерлерді қудалаудан қорғауға және жиындар өткізу туралы практикаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге шақырды. Үкімет адам құқықтарына деген адалдығын осы талаптарға құлақ асу арқылы көрсетуі тиіс. Еңсебекті және оны қолдағаны үшін ұсталғандарды босату осы мақсатқа жетудің маңызды көрсеткіші болатыны анық».

Халықаралық Freedom House ұйымы да мәлімдеме жасады. «Темірлан Еңсебектің қамауда отыруы және оның ұсталуына қарсы шыққан адамдарға жасалған қысым – Қазақстандағы сөз бостандығына қойылған шектеулердің күшеюінің алаңдатарлық белгісі. Ол негізін қалаған Qaznews24 сатиралық платформасы билікті сынайтын тәуелсіз дауыстардың маңыздылығын көрсетеді.

Сөз бостандығы – негізгі құқықтардың бірі, және ешкім өз ойын білдіргені үшін жазаға тартылмауы тиіс. Қазақстан билігі Еңсебектің және оны қолдаушылардың құқықтарын құрметтеп, оларды дереу босатуы керек. Билікті сынағандарды қудалау – мемлекеттің өз заңдылығы мен беделіне нұқсан келтіреді.

Темірлан Еңсебектің қамауда отыруы және оның ұсталуына қарсы шыққан адамдарға жасалған қысым – Қазақстандағы сөз бостандығына қойылған шектеулердің күшеюінің алаңдатарлық белгісі. Ол негізін қалаған Qaznews24 сатиралық платформасы билікті сынайтын тәуелсіз дауыстардың маңыздылығын көрсетеді», – деп жазды ұйым өзінің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Қазақстандағы адам құқығы Бюросы мүшесі болып табылатын Форум-Азия құқыққорғаушылар альянсы да Темірлан Еңсебектің ісі қадағалауда ұстайтындарын мәлімдеді.

Сөз бостандығы – негізгі құқықтардың бірі, және ешкім өз ойын білдіргені үшін жазаға тартылмауы тиіс. Қазақстан билігі Еңсебектің және оны қолдаушылардың құқықтарын құрметтеп, оларды дереу босатуы керек. Билікті сынағандарды қудалау – мемлекеттің өз заңдылығы мен беделіне нұқсан келтіреді.

Темірлан Еңсебектің қамалуы басқа да халықаралық ұйымдардың наразылығын туғызары сөзсіз. Себебі, сатира үшін қамау – сөз бостандығын ғана емес, ақыл ой еркіндігін тұншықтыру екені анық.

Десек те, Бас прокуратура бұл тұжырыммен келіспейді. Бүгін журналистерге арнап брифинг өткізген Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққандарды қамау және оларға айыппұл салу «заң аясындағы іс әрекет» деп бағалады. «Азаттықтың» жазуынша, “Олар тиісінше жергілікті атқару органына қайрылып, жалғыз адамдық пикет өткізу туралы өтінішті тапсыруы керек еді. Егер рұқсат бермесе, олардың [пикет] өткізуге құқығы жоқ және сәйкесінше олар ұсталды” деді 29 қаңтарда журналистердің сұрақтарына жауап берген бас прокурордың орынбасары.

Қазір белсенділерге жергілікті билік пикет өткізуге рұқсат бермей жатқанын алға тартқан журналистер одан “әкімдік балама орын және уақытты ұсынуы керек пе?” деген сұрақ қойды.

“Әкімдіктер, иә. Олар заң аясында істеп жатыр…” деді Ғалымжан Қойгелдиев».

Бұл уақытта Темірлан Еңсебектің қорғаушысы Жанар Балғабаева мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Темірланды қолдаушылардың бірі, жалғыз адамдық пикет өткізгені үшін 15 тәулікке қамалған Руслан Бикетов Алматы қалалық полиция департаментінің изоляторына қамалған. Осы арқылы құқық қорғау органдары оған қысым көрсетуде. Заң бойынша, Бикетов әкімшілік қамауға алынғандарға арналған түрмеде отыруы тиіс еді».

Блогерді қолдап пикетке шыққан тағы бір белсенді Гүлбақыт Өтебайға 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол Алматыдағы Шоқан Уәлиханов алаңына шығып, «Ұрпаққа жол ашпаған» деген плакат көтеріп, Еңсебектің қамалуына қарсылық білдірді. Оны полиция қызметкерлері ұстап, әкімшілік сот қомақты айыппұл салды.

Елдегі сөз бостандығының жағдайы осылай. Халықаралық ұйымдардың мәлімдемесіне билік көңіл аудара ма, жоқ па – уақыт көрсетеді.