• Басты
  • >
  • Адам құқығы Бюросында ұйым директорын сайлау өтті

Адам құқығы Бюросында ұйым директорын сайлау өтті

29.09.2024

27 қыркүйекте «Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» (Бюро) республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – екі жыл сайын өтетін Бюро директорын сайлау болды. Бюроның қазіргі басшысы және негізін қалаушылардың бірі Евгений Жовтис Бюро басшылығына жастардың келуі қажет екенін айтып, ұйымды жедел басқарудан кеткісі келетінін алға тартып, өз кандидатурасын ұсынбады.

Ұйымның бас сарапшы-кеңесшісі қызметін атқара отырып, оның стратегиялық дамуы мен сарапшылық қызметіне көңіл бөлетінін жеткізді. Жасырын дауыс беру барысында директор болып Бюро директорының орынбасары және БҰҰ «Босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарға құқықтық көмек көрсету» жобасының үйлестірушісі Денис Дживага сайланды.

Сондай-ақ отырыста Бюроның ұйымдық қалыптасқан жүйесіне, Жарғысына аздаған өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, Бюро Кеңесінің сайлауы өтті.

Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы 1993 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында бас кеңсесі, республика өңірлерінде он филиалы және бір өкілдігі бар Қазақстандағы ең ірі құқық қорғау ұйымы болып табылады.