• Басты
  • >
  • "Қазақстан адам құқықтары аясында. Адам құқықтары және құқық қорғаушылар" - халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында 1-ші вебинар-пікірталасқа шақырамыз!

“Қазақстан адам құқықтары аясында. Адам құқықтары және құқық қорғаушылар” – халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында 1-ші вебинар-пікірталасқа шақырамыз!

29.09.2021

Біздің мемлекетіміз бізге ҚАНДАЙ құқықтар беруге міндетті және ҚАНДАЙ бостандықтар шектелмеуі керек? Қазақстанда адам құқықтары тұрғысынан бәрі жақсы ма, бұл биік мінберлерден ҚАЛАЙ беріледі? Құқық қорғаушылардың рөлі НЕДЕ, оларды “еститін мемлекет” тыңдай ма және олардың мүмкіндіктері НЕГЕ шектеулі?

Бір жағынан, Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне екінші рет кіруге шынайы үміткер болып табылады, екінші жағынан, біздің республика халықаралық құқық қорғау ұйымдарының есептерінде үнемі сынға ұшырап отырады және БҰҰ шешімдері мен ұсынымдарын орындамайды. Бұл қалай болғаны?

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюро (www.bureau.kz) Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен (https://www.osce.org/ru/nur-sultan) барлық мүдделі белсенділерді, құқық қорғаушыларды, адам құқықтары тақырыбына қызығушылық танытқан студенттер мен азаматтарды, ҮЕҰ өкілдерін, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерін, журналистерді халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында адам құқықтары жөніндегі вебинарлар сериясына қатысуға шақырады.

Іс-шаралар: 2021 жылғы 30 қыркүйек, 8 қазан, 22 қазан және 10 қараша күндері өтеді.

Бірінші вебинар 2021 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін ZOOM платформасында өтеді.

Келесі вебинарлардың тақырыптары алдын-ала хабарланады.

Іс-шарада қазақ тіліне ілеспе аударма қарастырылған.

Бірінші вебинардың тақырыбы: Қазақстан адам құқықтары контекстінде. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР.

Негізгі спикерлер:

Евгений ЖОВТИС, Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюроның (АҚЖКБ) директоры

Анар ИБРАЕВА, з.ғ. к., “Қадір-Қасиет”ҚБ сарапшысы

Юрий ГУСАКОВ, АҚЖКБ Қарағанды филиалының директоры

Төмендегі бірінші іс-шараға сілтеме:

Тақырыбы: Қазақстан адам құқықтары контекстінде

Уақыты: 2021 жылғы 30 Қыркүйек 11: 00 Алматы

Zoom жиналысына қосылыңыз

https://osce-org.zoom.us/j/91014643466

Сәйкестендіру нөмірі: 910 1464 3466

Пароль: 57493557

* * *

Жыл сайын 10 желтоқсанда БҰҰ-ға мүше елдер адам құқықтары күнін атап өтеді. Биылғы жылы Адам құқықтары күнінің тақырыбы CОVID-19 пандемиясымен байланысты және осы салада жүзеге асырылатын іс-шараларда адам құқықтарының орталық рөлін қамтамасыз ету қажеттілігіне бағытталған. БҰҰ барлығына тең мүмкіндіктер жасауға жәрдемдесуге және теңсіздік, оқшаулану және дискриминацияның тамырланған және жүйелі түрде көрінетін ұрпақаралық проблемаларымен күресу үшін адам құқықтары стандарттарын қолдануға шақырады.

БҰҰ-ның адам құқығы саласында «адам құқығын қорғау жағында бол» бастамасы аясында халықаралық ұйымдар әділ қоғам құруға ат салысуға шақырады.

Вебинарлар барысында халықаралық құқық призмасы арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың және covid-19 пандемиясынан кейін ел экономикасын қалпына келтірудің өзекті сын-тегеуріндері мен проблемаларын талқылау, сондай-ақ теңсіздік, оқшаулау және кемсітушілік мәселелерін еңсеруге ықпал ететін пәрменді ұсыныстар әзірлеуге тырысу көзделеді.

Спикерлер ретінде нақты құқықтар мен бостандықтарға маманданған ұлттық сарапшылар шақырылды.

Вебинарға және барлық қызықтыратын сұрақтарға қол жеткізу үшін Дмитрий Тихоновқа хабарласыңыз: Dmitriy@Tikhonov.xyz  және Диана Березовская: diana.berezovskaya@gmail.com,  +77017996779