Қамаудағы саяси белсенді Макс Боқаевтың коронавирус дертіне шалдыққаны хабарланды. Бұл жөнінде белсенді Талғат Аян өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Достар, қазір ғана Макс Боқаев хабарласып, бес күннен бері температурасы 38,2 болып, жөтеліп, дәм сезбей қалғанын айтты. Бұны коронавирус деп ойлап отырмын. Оның айтуынша, қазір ол ем алуда, жағдайы бір қалыпты, антибиотиктер қабылдауда. Түрме қызметкерлері мен өзге де жазасын өтеушілер ауруда. Мен Максты жақсы білемін, ол бекерден-бекер шағымданбайды. Сол себепті де алаңдап отырмын», – деп жазды Аян Facebook парақшасында.
Бұдан бөлек, Талғат Аян жазбасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, төрт жылдан бері қамауда отырған Макс Боқаевты босатуды талап етті. Оның сөзінше, АҚШ сенаторларының өзі Қазақстан билігінен Боқаевты бостандыққа шығаруды талап етуде.