2026 жылғы 20 мамыр сағат 11:30-да жаңаөзендік белсенді Мұратбай Жұмағалиевке қатысты лас арандату бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтеді.
Маңғыстау облысында белгілі белсенді әрі мұнайшы Мұратбай Жұмағалиев «мүгедектігі бар адамға қарсы зорлық зомбылық көрсетті» деген сыңайда видео тарады әлеуметтік желілерде. Бұл видеоны кімнің және қайда түсіргені белгісіз. Оны кімнің таратқаны да беймәлім. Соған қарамастан, «Информбюро» сынды телебағдарламалар бұл видеоны жұртшылыққа жария етуде. «Жұмағалиевтен зардап шекті» делінген мүгедектігі бар азамат та өзіне жасалған зорлықты жоққа шығарып отыр. Бұл орайда, спикерлер болған жайтқа түсініктеме беріп, жалған ақпарат таратқан азаматтарды жауапқа тартуды талап ету мәселесін көтермек.
Спикерлер:
Мұратбай ЖҰМАҒАЛИЕВ, белсенді
Ерік ЖҰМАБАЕВ
Өтетін уақыты: 20 мамыр күні, сағат 11-30
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/