«Саяси тұтқын Дұман Мұхамметкәрімнің Анасы Қалимаш ханымның АҚШ Президенті Д.Трамптын әйелі Мелания Трамп ханымға» баспасөз мәслихаты / пресс-конференция «Обращение матери политического заключенного Думана Мухамметкарима госпожи Қалимаш Тлеповой к госпоже Мелании Трамп, супруге Президента США»
  • Главная
  • >
  • «Саяси тұтқын Дұман Мұхамметкәрімнің Анасы Қалимаш ханымның АҚШ Президенті Д.Трамптын әйелі Мелания Трамп ханымға» баспасөз мәслихаты / пресс-конференция «Обращение матери политического заключенного Думана Мухамметкарима госпожи Қалимаш Тлеповой к госпоже Мелании Трамп, супруге Президента США»

«Саяси тұтқын Дұман Мұхамметкәрімнің Анасы Қалимаш ханымның АҚШ Президенті Д.Трамптын әйелі Мелания Трамп ханымға» баспасөз мәслихаты / пресс-конференция «Обращение матери политического заключенного Думана Мухамметкарима госпожи Қалимаш Тлеповой к госпоже Мелании Трамп, супруге Президента США»

01.09.2026

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 2 қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 12:00-да Алматыда «Саяси тұтқын Дұман Мұхамметкәрімнің Анасы Қалимаш ханымның АҚШ Президенті Д.Трамптын әйелі Мелания Трамп ханымға» баспасөз мәслихаты өтеді

Қатысатындар:

Қалимаш ТЛЕПОВА, Дұман Мұхамметкәрімнің анасы

Гаухар ТАНАШЕВА, мәжілістің экс-депутаты

Күльжахан БАЙТОВА, қоғам белсендісі

Маржан АСПАНДИЯРОВА, құқыққорғаушы

Өтетін орын: Қазақстандағы  адам  құқығы  жөніндегі Бюро пресс-орталығы

Мекен жайы. Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 103 үй / Төле би  № 70 үй, 4 қабат, 411 кеңсе.

Күні, уақыты: 02.09.2026 ж. сағат 12.00

Тікелей эфирhttps://www.fasebook.com/kibhr/live

Андрей Гришин,

Пресс-центр КМБПЧ

8 707 420 40 14

ПРЕСС-АНОНС

02.09.2026 года (среда) в 12.00 в Алматы состоится пресс-конференция «Обращение матери политического заключенного Думана Мухамметкарима госпожи Қалимаш Тлеповой к госпоже Мелании Трамп, супруге Президента США»

Спикеры:

Қалимаш ТЛЕПОВА, мать Д.Мухамметкарима

Гаухар ТАНАШЕВА, экс- депутат Мажилиса РК

Кульжахан БАЙТОВА, гражданская активистка

Маржан АСПАНДИЯРОВА, правозащитница

Дата и время: 02.09.2026 в 12.00

Место: Пресс-центр Казахстанского международного бюро по правам человека

Адрес: г. Алматы, пр. Абылай хана 103 / Толе би 70, 4 этаж, каб. 410 (здание магазина «Детский мир», вверх по лестнице до серой двери)

Трансляция: в прямом эфире на странице Казахстанского международного бюро по правам человека: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Андрей ГРИШИН,

пресс-центр КМБПЧ

 8 707 420 40 14

ҮНДЕУ

Құрметті Мелания Трамп ханым!

Мен, Қалимаш Тлепова, саяси көзқарастары үшін сотталған тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің анасымын. Сізге Қазақстаннан ұлыма алаңдап, жүрегімдегі ең ауыр, әрі ең маңызды өтінішімді жеткізу үшін жазып отырмын.

Сізге жүгіну туралы шешім қабылдай отырып, мен ең алдымен Сіздің халықаралық беделіңізді немесе саяси мәртебеңізді емес, балалардың тағдырына бейжай қарамайтын әйел екеніңізді ойладым. Бірінші ханым ретінде Сіз балалардың әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық әл-ауқатын қорғауға бағытталған BE BEST бастамасын көтердіңіз. Сондай-ақ балаларды интернеттегі қанаудан қорғауға бағытталған TAKE IT DOWN Act заңын белсенді түрде қолдадыңыз. Осы бастамалардың барлығы Сіздің бір маңызды қағиданы ұстанатыныңызды көрсетеді — баланың тағдыры саясаттан жоғары тұруы тиіс.

Украина мен Ресей арасындағы соғыс кезінде отбасыларынан ажырап қалған балалардың тағдырына араласқаныңыз менің жүрегімді ерекше толқытты. Саяси қайшылықтар қаншалықты күрделі болса да, Сіз адам тағдырын саясаттан жоғары қою қажет екенін көрсеттіңіз. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында ондаған бала өз отбасыларымен қайта қауышты.

Бүгін мен де Сізден осындай адамгершілікке негізделген көмекті жалғыз ұлым Думан Мұхаммедкәрім үшін сұраймын.

Думан — тәуелсіз журналист. Ол Қазақстандағы өткір қоғамдық-саяси мәселелерді ашық көтеріп, билікті сынады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шықты. Яғни ол журналистік қызметпен айналысып, халыққа шынайы ақпарат жеткізуге тырысты. Оппозициялық саясаткерлердің бірімен сұхбаттасқаннан кейін оған қарсы қылмыстық қудалау басталып, ұлым жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Думанның кінәсі дәлелденген жоқ, объективті сараптамалық қорытындылар ескерусіз қалды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Думан Мұхаммедкәрімнің құқықтарына қатысты мынадай заңбұзушылықтарды тіркеді:

  • Ұстаудың ерікті сипатта болуы: Думанға тағылған айыптардың заңды негізі жоқ. Тек, билікті сынау әрекеттерін басу және оның журналистік қызметін тоқтату мақсатында ғана қолданылып отыр.
  • Азаптау және қатыгез қарым-қатынас: 2024 жылдың басында журналист Қонаев қаласының сотынан Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілген кезде қатыгездікке ұшыраған. Оны аязды күні жылытылмайтын, жартылай ашық автокөлікте кісенделген күйде тасымалдаған. Қазақстанда осы факті бойынша арнайы прокурор қылмыстық іс қозғады, ал Мұхаммедкәрімнің өзі «Азаптау» бабы бойынша жәбірленуші деп танылды.
  • Әділ әрі ашық сот талқылауына құқықтың бұзылуы: Ашықтық талаптарына қарамастан, Мұхаммедкәрімге қатысты сот процесі баспасөз бен қоғам өкілдері үшін толығымен жабық өткізілді.
  • Денсаулыққа төнген қауіп және медициналық көмектің көрсетілмеуі: Қамауда болған уақыт ішінде журналист наразылық белгісі ретінде бірнеше рет ұзақ мерзімді аштық жариялады. Құқық қорғау ұйымдары оның денсаулығының күрт нашарлағанын, бүйрегі мен жүрегіне байланысты проблемалар бар екенін және оған тиісті стационарлық медициналық көмек көрсетілмегенін мәлімдеді. Ал Human Rights Watch сияқты халықаралық ұйымдар Қазақстан билігінен негізсіз үкімнің күшін жоюды талап етуде.

Думан өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және бұл істің саяси астары бар екенін айтып келеді. Оның апелляциялық шағымы да қанағаттандырылмады. Ана ретінде де, азамат ретінде де мен ұлымның журналистік қызметі мен саяси көзқарастары үшін неге соншалықты қатаң жазаға тартылғанын түсіне алмаймын.

Думанның сотталуы біздің отбасымыз үшін ауыр сынақ болды. Сотталған адам жазасын тұрғылықты жеріне жақын орналасқан мекемеде өтеуі тиіс болғанына қарамастан, менің ұлым Қазақстанның басқа өңіріне — өзі тұратын жерден 1 200 шақырым қашықтағы Қызылорда қаласына жіберілді.

Біз бұл шешімді заңсыз деп санаймыз және бірнеше рет шағымдандық. Думан да бұл жағдайға бірнеше рет қарсылығын білдірді. Ол туған үйі мен отбасынан соншалықты алыста ұсталатынына наразылық білдіріп, өз құқықтарын қорғауға тырысты. Алайда оның наразылығы, жағдайының одан әрі нашарлауына алып келді.

Қазір ол екі жылға жуық уақыт бойы, 600-ден астам күн, карцерде, жеке камерада оқшауланып отыр. Оның жақындарымен кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, сәлемдемелер алуға, хат-хабар алуға және жолдауға деген құқықтары бұзылуда.

Мен ұлымның қандай жағдайда отырғанын өз көзіммен көре алмаймын. Алайда оның денсаулығының нашарлап бара жатқаны туралы ақпарат алып отырмын. Қазіргі уақытта оған жан-жақты медициналық тексеру жүргізіліп, тиісті ем алу қажет.

Ең ауыры — бізге ұлымызбен кездесуге кедергі жасалып отыр. Оны көруге және жағдайының қандай екенін өз көзімізбен анықтауға мүмкіндік бермейді.

Мен өзімнен сұраймын: ананың өз ұлын көруге деген қарапайым тілегі соншалықты үлкен өтініш пе?

Біз қарт ата-анамыз. Бізге саясат та, қақтығыс та қажет емес. Бізге тек ұлымыздың тірі әрі қауіпсіз екенін көру, оның жағдайын білу және ең болмаса бір сәтке жүзін көру керек.

Думанның ең үлкен «қылмысы» — өз құқықтарын қорғауға тырысқаны, өз ұстанымдарынан бас тартпағаны, әділетсіздікке үнсіз көнбегені және өз наразылығын білдіргені болды. Бірақ менің ұлым экстремист емес, зорлаушы емес, адам өлтіруші емес!

Мен ана ретінде ұлымның денсаулығы мен өмірі үшін қатты алаңдаймын. Мен Сізге қандай да бір саяси мәселе бойынша жүгініп отырған жоқпын. Сізден басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласуды сұрамаймын. Мен Сізден тек адам ретінде, өзіңіз жақсы көретін ұлыңыз Бэронның анасы ретінде, балалар мен отбасыларды қорғау жолында көп іс атқарған әйел ретінде Думанның жағдайына назар аударуыңызды сұраймын.

Сіз соғысқа байланысты аса күрделі мәселелерге араласып, мемлекеттер арасында диалог жүргізіп, балалардың өз аналарының жанына қайта оралуына көмектесе алдыңыз.

Мен де ұлыммен кездесуді, оны көруді, құшақтап, бауырыма басуды армандаймын.

Қымбатты Мелания ханым, Сіздің халықаралық беделіңіз және гуманитарлық бастамаларыңыз Думан Мұхаммедкәрімнің ісіне назар аударуға, оның жағдайын халықаралық деңгейде көтеруге және құқықтарын қорғауға ықпал ете алатынына күмәнім жоқ.

Сізден осы көмекті шын жүрегіммен сұраймын!

Бүгін мен Сізге осы үмітпен жүгініп отырмын. Мен — ұлын күтіп отырған анамын. Менің бар тілегім — жалғыз ұлымды қайтадан құшақтау.

Мелания ханым, жүрегіңізден менің өтінішіме орын табылады деп үміттенемін.

Балалар үшін жасап жүрген барлық игі істеріңізге және адам тағдырына бейжай қарамайтыныңызға шын жүрегімнен алғыс айтамын.

Үмітпен, Қалимаш Тлепова, Думан Мұхаммедкәрімнің анасы.

Қазақстан Республикасы, Алматы 02.09.2026жыл.

ОБРАЩЕНИЕ

Уважаемая госпожа Мелания Трамп!

Я, Калимаш Тлепова, мать независимого журналиста Думана Мухаммедкарима, осуждённого за свои политические взгляды, пишу Вам из Казахстана с тревогой  за судьбу своего сына, чтобы передать Вам мою самую тяжёлую и сокровенную просьбу.

Приняв решение обратиться к Вам, я думаю не только о Вашем международном авторитете или политическом статусе, а прежде всего о том, что Вы — женщина, которой небезразлична судьба детей. Будучи первой леди, Вы выступили с инициативой BE BEST, направленной на защиту социального, эмоционального и физического благополучия детей.  Вы также активно поддержали закон TAKE IT DOWN Act, направленный на защиту детей от эксплуатации в интернете. Все эти инициативы показывают, что Вы придерживаетесь одного важнейшего принципа — судьба ребёнка должна стоять выше политики. Особенно глубоко меня тронуло то, что Вы вмешались в судьбу детей, разлучённых со своими семьями в ходе войны между Украиной и Россией. Несмотря на сложнейшие политические разногласия, Вы показали, что судьбу человека  необходимо поставить выше политики. Благодаря Вашим усилиям десятки детей смогли вновь воссоединиться со своими семьями.

Сегодня я прошу Вас о такой же помощи, основанной на человечности, — для моего единственного сына,  Думана Мухаммедкарима. Думан — независимый журналист. Он открыто поднимал острые общественно-политические вопросы Казахстана, критиковал власть, выступал против коррупции, словом,  занимался журналистской деятельностью, донося до людей правдивую информацию. После интервью с одним из оппозиционных политиков, он подвергся уголовному преследованию и был приговорён к семи годам лишения свободы. Вина Думана не была доказана, объективные экспертные заключения не были приняты во внимание. Международными правозащитными организациями зафиксированы следующие ключевые нарушения прав Думана Мухамметкарима:

Произвольный характер задержания: Обвинения  лишены законных оснований и используются исключительно ради подавления критики властей и пресечения его журналистской деятельности.

  • Применение пыток и жестокое обращение: В начале 2024 года во время транспортировки из суда г. Конаев в следственный изолятор г.Талдыкорган журналист подвергся жестокому обращению (перевозка в мороз в неотапливаемом  полуоткрытом автозаке в наручниках). В Казахстане по данному факту спецпрокурором было возбуждено уголовное дело, а сам Мухамметкарим признан потерпевшим по статье «Пытки».
  • Нарушение права на справедливый и открытый суд: Судебный процесс по делу Мухамметкарима вопреки требованиям прозрачности был полностью закрыт от прессы и общественности.
  • Угроза здоровью и неоказание помощи: За время нахождения под стражей журналист неоднократно объявлял длительные голодовки в знак протеста. Правозащитные организации заявляют о резком ухудшении его здоровья (проблемы с почками и сердцем) и непредоставлении адекватной стационарной медицинской помощи, а международные организации, такие как Human Rights Watch, требуют от властей Казахстана отмены необоснованного приговора.

Думан не признаёт предъявленных ему обвинений и продолжает заявлять, что это дело имеет политический подтекст. Его апелляционная жалоба также не была удовлетворена. Как мать и гражданин, я не могу понять, почему мой сын был подвергнут столь суровому наказанию за свою журналистскую деятельность и политические взгляды.

Приговор Думану стал для нашей семьи тяжелым испытанием. Несмотря на то, что осуждённый человек должен отбывать наказание в ближайшем учреждении, моего сына отправили в другой регион Казахстана — в город Кызылорда, за 1 200 км от  места его проживания.

Мы считаем это решение незаконным и неоднократно обращались с жалобами.  Думан также неоднократно выражал своё несогласие с этой ситуацией. Он протестовал против того, что его содержат настолько далеко от родного дома и семьи, и пытался защищать свои права. Однако его протесты привели лишь к дальнейшему ухудшению его положения. Сейчас он почти два года находится в изоляции, 600 с лишним дней, в карцере, в одиночной камере. Нарушается его право на свидания, телефонные звонки, прием передач, получение и отправку корреспонденции.

Я не могу собственными глазами увидеть, в каких условиях находится мой сын, но располагаю информацией о том, что его здоровье ухудшается, в настоящее время он нуждается в детальном медицинском обследовании и адекватном лечении.

Самое тяжёлое — нам препятствуют во встречах с сыном. Нам не дают возможности увидеть его и собственными глазами убедиться в том, в каком он состоянии.  Я спрашиваю себя: разве простое желание матери увидеть своего сына — такая большая просьба?

Мы пожилые родители. Нам не нужны политика или конфликты. Нам нужно лишь увидеть, что наш сын жив и в безопасности, узнать, в каком он состоянии, и хотя бы на мгновение увидеть его лицо.

Самым большим «преступлением» Думана стало то, что он пытался отстаивать свои права и не отказался от своих убеждений,  не стал молча мириться с несправедливостью и выражал свой протест. Но мой сын не экстремист, не насильник, не убийца!

Как мать, я очень сильно переживаю за его здоровье и жизнь. Я не обращаюсь к Вам с какими-либо политическими вопросами. Я не прошу Вас вмешиваться во внутренние дела другой страны. Я лишь прошу Вас как человека, как мать Вашего любимого Бэрона, как женщину, которая столько сделала для защиты детей и семей, обратить внимание на положение Думана. Вы смогли вмешаться в сложнейшие вопросы, связанные с войной, и вести диалог между государствами, чтобы помочь детям вновь оказаться рядом со своими матерями.

Я тоже мечтаю встретиться со своим сыном, увидеть его, обнять, прижать к груди.

Дорогая госпожа Мелания, я не сомневаюсь, что Ваш международный авторитет, Ваш голос и Ваши гуманитарные инициативы могут помочь обратить внимание на дело Думана Мухаммедкарима, поднять вопрос о его положении на международном уровне, способствовать защите его прав.  Я от всего сердца прошу Вас оказать эту помощь!

Сегодня я обращаюсь к Вам с этой надеждой. Я — мать, которая ждёт своего сына. Всё, чего я хочу, — снова обнять своего единственного сына.

Госпожа Мелания, я надеюсь, что в Вашем сердце найдётся место для моей просьбы.

От всего сердца благодарю Вас за всё, что Вы делаете ради детей, и за Ваше неравнодушие к человеческим судьбам.

С надеждой, Калимаш Тлепова, мать Думана                                              Мухамедкарима

Республика Казахстан, Алматы   02.09.2026

APPEAL

Dear Mrs. Melania Trump,

I, Kalimash Tlepova, the mother of independent journalist Duman Mukhammadkarim, who was convicted because of his political views, am writing to you from Kazakhstan with deep concern for my son’s fate, in order to convey to you my most heartfelt and desperate request.

In deciding to turn to you, I am thinking not only of your international standing or political status, but first and foremost of the fact that you are a woman who cares deeply about the fate of children.

As First Lady, you launched the BE BEST initiative, aimed at protecting the social, emotional, and physical well-being of children. You also actively supported the TAKE IT DOWN Act, aimed at protecting children from exploitation online. All these initiatives demonstrate that you uphold one fundamental principle: the fate of a child must stand above politics.

I was particularly deeply moved by your involvement in the fate of children who had been separated from their families during the war between Ukraine and Russia. Despite the most difficult political disagreements, you demonstrated that the fate of an individual must be placed above politics. Thanks to your efforts, dozens of children were able to reunite with their families.

Today, I am asking you for the same kind of humanitarian assistance — for my only son, Duman Mukhammadkarim.

Duman is an independent journalist. He openly raised pressing social and political issues in Kazakhstan, criticized the authorities, spoke out against corruption, and, in short, carried out his journalistic work by bringing truthful information to the public.

After an interview with one of the opposition politicians, he was subjected to criminal prosecution and sentenced to seven years in prison. His guilt was not proven, and objective expert conclusions were disregarded.

International human rights organizations have documented the following key violations of Duman Mukhammadkarim’s rights:

• Arbitrary nature of his detention: The charges lack a legitimate basis and are being used solely to suppress criticism of the authorities and prevent him from carrying out his journalistic activities.

• Torture and cruel treatment: At the beginning of 2024, while being transported from the court in Konaev to the pre-trial detention center in Taldykorgan, the journalist was subjected to cruel treatment. He was transported in freezing weather in an unheated, partially open prison van while handcuffed. In Kazakhstan, a criminal case was opened by a special prosecutor in connection with this incident, and Mukhammadkarim himself was recognized as a victim in a case concerning “Torture.”

• Violation of the right to a fair and public trial: Contrary to the requirements of transparency, the entire judicial process in Mukhammadkarim’s case was closed to the press and the public.

• Threat to his health and denial of adequate medical care: During his time in detention, the journalist repeatedly went on prolonged hunger strikes in protest. Human rights organizations have reported a serious deterioration in his health, including kidney and heart problems, as well as the failure to provide adequate inpatient medical care. International organizations such as Human Rights Watch have called on the Kazakh authorities to overturn his unjustified conviction.

Duman does not acknowledge the charges against him and continues to state that the case against him is politically motivated. His appeal was also rejected.

As a mother and a citizen, I cannot understand why my son has been subjected to such a severe punishment for his journalistic work and political views.

Duman’s conviction has been a terrible ordeal for our family. Although a convicted person should serve his sentence in the nearest appropriate institution, my son was sent to another region of Kazakhstan — to the city of Kyzylorda, more than 1,200 kilometers from his home.

We believe this decision is unlawful and have repeatedly filed complaints. Duman has also repeatedly expressed his disagreement with this situation. He protested against being held so far from his home and family and tried to defend his rights. However, his protests have only led to a further deterioration of his situation.

He has now spent almost two years in isolation — more than 600 days — in a punishment cell, in a solitary cell. His rights to family visits, telephone calls, receiving parcels, and sending and receiving correspondence are being violated.

I cannot see with my own eyes the conditions in which my son is being held, but I have information that his health is deteriorating. At present, he needs a thorough medical examination and adequate treatment.

The most painful thing is that we are being prevented from seeing our son. We are not being given the opportunity to see him and determine with our own eyes what condition he is in.

I ask myself: is a mother’s simple wish to see her son really such a great request?

We are elderly parents. We do not need politics or conflicts. We only want to see that our son is alive and safe, to know what condition he is in, and to see his face, even if only for a moment.

Duman’s greatest “crime” was that he tried to defend his rights, refused to abandon his convictions, would not silently accept injustice, and expressed his protest.

But my son is not an extremist, not a rapist, and not a murderer!

As his mother, I am deeply worried about his health and his life.

I am not appealing to you with any political demands. I am not asking you to interfere in the internal affairs of another country.

I am simply asking you, as a human being, as the mother of your beloved Barron, and as a woman who has done so much to protect children and families, to pay attention to Duman’s situation.

You were able to become involved in extremely difficult issues connected with the war and to engage in dialogue between states in order to help children be reunited with their mothers.

I, too, dream of meeting my son, seeing him, embracing him, and holding him close to my heart.

Dear Mrs. Melania, I have no doubt that your international standing, your voice, and your humanitarian initiatives can help draw international attention to the case of Duman Mukhammadkarim, raise the issue of his situation at the international level, and contribute to the protection of his rights.

From the bottom of my heart, I ask you to help us.

Today, I am turning to you with this hope.

I am a mother waiting for her son.

All I want is to embrace my only son again.

Mrs. Melania, I hope that there will be a place in your heart for my plea.

From the bottom of my heart, I thank you for everything you do for children and for your compassion for human lives and destinies.

With hope,

Kalimash Tlepova
Mother of Duman Mukhammadkarim

Republic of Kazakhstan, Almaty
September 2, 2026