В Астане на круглом столе обсудят эффективное расследование жестокого обращения / Астанада дөңгелек үстелде қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеп-тексеру мәселелері талқыланады
  • Главная
  • >
  • В Астане на круглом столе обсудят эффективное расследование жестокого обращения / Астанада дөңгелек үстелде қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеп-тексеру мәселелері талқыланады

В Астане на круглом столе обсудят эффективное расследование жестокого обращения / Астанада дөңгелек үстелде қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеп-тексеру мәселелері талқыланады

25.09.2026

ПРЕСС – АНОНС

29 сентября 2026 года в Астане состоится круглый стол на тему «Эффективное расследование жестокого, бесчеловечного или унижающего достоинство обращения: от методологии к устойчивой правоприменительной практике».

Мероприятие проводится в рамках проекта «РАЗОРВАТЬ ПОРОЧНЫЙ КРУГ: МНОГОГРАННЫЙ ПОДХОД К БОРЬБЕ С ПЫТКАМИ В КАЗАХСТАНЕ», реализуемого Талдыкорганским правозащитным центром в партнерстве с Казахстанским международным бюро по правам человека и соблюдению законности и «Penal Reform International» при финансовой поддержке Европейского Союза и поддержке УВКПЧ ООН в Центральной Азии.

В центре внимания круглого стола будут вопросы практического применения части 1 статьи 146 Уголовного кодекса Республики Казахстан и проблемы эффективного расследования случаев жестокого, бесчеловечного или унижающего достоинство обращения. Участники обсудят вопросы регистрации и правовой квалификации правонарушений, сбора и сохранения доказательств, процессуальных гарантий для потерпевших, профессиональной подготовки кадров и практического внедрения рекомендаций.

Ключевой частью мероприятия станет презентация и обсуждение методических рекомендаций по эффективному расследованию уголовных правонарушений, предусмотренных частью 1 статьи 146, разработанных в рамках проекта в сотрудничестве с соответствующими профильными министерствами и ведомствами Казахстана.

Ожидается участие представителей Министерства внутренних дел (МВД), Академии управления МВД, Генеральной прокуратуры, Верховного Суда, УВКПЧ ООН, международных и правозащитных организаций, адвокатов, юристов и экспертов.

Дата: 29 сентября 2026 года

Место проведения: г. Астана, проспект Сарыарка, 4, отель Radisson, конференц-зал «Saryarka 3»

Регистрация: 09:30

Начало: 10:00

По вопросам аккредитации СМИ обращаться: Нурмуханова Жанар, nurmukhanov.zhanar@gmail.com +7 777 358 5753

# # # # # # # # # #

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылғы 29 қыркүйекте Астана қаласында «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасты тиімді тергеп-тексеру: әдіснамадан тұрақты құқық қолдану практикасына дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара «ҚАТЫГЕЗ ЦИКЛДЫ БҰЗУ: ҚАЗАҚСТАНДА АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ КӨП ҚЫРЛЫ КӨЗҚАРАС» жобасы аясында өткізіледі. Жобаны Талдықорған құқық қорғау орталығы Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюромен және Penal Reform International ұйымымен әріптестікте, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (АҚЖКБ) Орталық Азиядағы қолдауымен жүзеге асырады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабының 1-бөлігін практикалық қолдану және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас фактілерін тиімді тергеп-тексеруге байланысты мәселелер қарастырылады. Қатысушылар құқық бұзушылықтарды тіркеу және құқықтық саралау, дәлелдемелерді жинау және сақтау, жәбірленушілердің процестік кепілдіктері, мамандарды кәсіби даярлау және ұсынымдарды практикаға енгізу мәселелерін талқылайды.

Іс-шараның негізгі бөлігі жоба аясында Қазақстанның тиісті бейінді министрліктері мен ведомстволарымен бірлесіп әзірленген Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды тиімді тергеп-тексеру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды таныстыруға және талқылауға арналады.

Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің (ІІМ), ІІМ Басқару академиясының, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, БҰҰ АҚЖКБ-ның, халықаралық және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, адвокаттар, заңгерлер мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Күні: 2026 жылғы 29 қыркүйек

Өтетін орны: Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson қонақ үйі, «Saryarka 3» конференц-залы

Тіркелу: 09:30

Басталуы: 10:00

БАҚ өкілдеріне аккредитациядан өту бойынша: Жанар Нұрмұханова, nurmukhanov.zhanar@gmail.com +7 777 358 5753