22 қыркүйекте сағат 11.00-де урнан өндірісіндегі жағдайға байланысты онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.
КазАтомПромға қарасты «АППАК» руднигінде жұмыс істеген Асқар Пулатов жұмыстан себепсіз қуылдым дейді. 2018 жылы «АППАК» ЖШС-ға жаңа директордың келуімен бас кеңседе жұмыстан шығару науқаны басталған. Ол кейіннен кен орнына да жеткен. 2020. 10.08 күні Пулатовқа өз еркімен жұмыстан шығу туралы хаттама берілген. Кетпеген жағдайда жұмыстан статья арқылы босатылатындығы ескертілген. Оның жұмыстан шығарылуына «ҚазАтомПромнан» келген хат себеп ретінде айтылған. Бірақ Пулатовтың өзі ол хатты көрмеген. Бір күннен кейін оны жұмыстан уақытша босату жөнінде бұйрық шыққан. 2020.10.12 күні Еңбек кодексінің 52 баптың 13 тармағы бойынша келісімшартты бұзу жөнінде бұйрық шыққан. Бұнымен келіспеген Пулатов сотқа жүгінген. Бірақ Түркістан облысындағы қос бірдей сот инстанциясы жұмыс берушінің пайдасына шешім шығарған. Осының барлығына қарамастан Пулатов өзінің жұмыстан заңсыз шығарылғанын дәлелдемек.
Спикерлер:
Асқар ПУЛАТОВ
Жанабек АБИШЕВ, заңгер
Күні мен уақыты: 22 қыркүйек 2021 жылы, сағат 11.00.
Трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Байланыс телефоны: 8 (747) 324 9999
Ақпарат алу үшін:
Андрей Гришин,
АҚмЗСЖҚХБ баспасөз орталығы,
8 7272 49-86-70