• Главная
  • >
  • «Сотталған пробация бақылауының бұрыңғы инспекторы туыстары соттың әділетсіз өткенін айтады» онлайн пресс-конференциясы

«Сотталған пробация бақылауының бұрыңғы инспекторы туыстары соттың әділетсіз өткенін айтады» онлайн пресс-конференциясы

14.01.2021

14.01.2021 сағат 12:00-де онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.

Пара алды деп айыпталып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған пробация бақылауының бұрынғы инспекторы Бағлан Ереханұлының туыстары мен адвокаты сот процесі кезінде болған мәселелер жөнінде айтады. Олар Б. Ереханұлының сот тыңдауы кезінде азаматтық және саяси құқығы бұзылды деп есептейді. 

 Бағлан Ереханұлы 2019 жылдың 25 қаңтарында Алматы қаласы Түрксіб аудандық пробация қызметінің инспекторы болып тағайындалған. Ол бұрын сотталған Қ.Құсайыновтың айғақтары мен оның қатысуымен өткізілген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері негізінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық айыбы бойынша (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 190-бабының, 3-бөлігі, 2-тармағы) жауапқа тартылды. Қ.Құсайынов Б.Ереханұлын Алматыдағы пробациялық бақылау тізілімінен шықпай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласына (Құсайынов жұмысқа бабымен барғысы келген) көшуге

көмектесу үшін ақша талап етті деп айыптаған. Б. Ереханұлын қорғаушы тарап сот процесі пандемияға байланысты онлайн режимде өткендіктен айыпталушыны қорғауға толықтай мүмкіндік берілмеді деп есептейді. Олардың сөзінше, сот кезінде байланыс жиі үзіліп, қорғаушылар тиісті деңгейде дәлелдер келтіре алмай, куәгерлерден жауап ала алмаған.

Спикерлер:

Адвокат – Самат МАМУТОВ

Б. Ереханұлының әкесі – Ерехан Пірманов.

Өтетін орыны:  Жиынды тікелей эфирде төмендегі сілтеме бойынша көруге болады https://www.facebook.com/kibhr/live/

Анықтама үшін:

Андрей Гришин

Пресс центр КМБПЧ

+7 7272 498670


Смотрите также