«Мүгедектігі бар азаматтың полиция күш қолданғаннан кейінгі өлімі үшін жазықсыз адамдар сотталды» баспасөз конференциясы
  • Главная
  • >
  • «Мүгедектігі бар азаматтың полиция күш қолданғаннан кейінгі өлімі үшін жазықсыз адамдар сотталды» баспасөз конференциясы

«Мүгедектігі бар азаматтың полиция күш қолданғаннан кейінгі өлімі үшін жазықсыз адамдар сотталды» баспасөз конференциясы

21.05.2026

2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 12:00 Алматы қаласында (Жандосов көшесі, 98, «Навои» БЦ, 302 кабинет) резонансты қылмыстық іс бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Тараптың мәлімдеуінше, Алматыдағы полиция бөлімшелерінің бірінде болған мүгедектігі бар азаматтың өлімі үшін бірнеше адам негізсіз сотталып отыр.

Сотталғандардың туыстары, қорғаушылары және қоғам белсенділері бұл істе негізгі сұрақтарға жауап берілмегенін айтады. Олардың пікірінше, адам өліміне дейін полиция тарапынан күш қолданылғанына қатысты маңызды дәлелдер болғанымен, бұл жайттарға толыққанды құқықтық баға берілмеген.

Қорғау тарапының айтуынша:

— марқұмға полиция қызметкерлері тарапынан электрошокер мен күш қолданылған;

— оқиға полиция бақылауына алынғаннан кейін болған;

— өлімнің нақты себебі толық зерттелмеген;

— полиция қызметкерлерінің жауаптарында қарама-қайшылықтар бар;

— маңызды бейнежазбалар мен дәлелдер сотта толық зерттелмеген;

— марқұмның мүгедектігі болған және психикалық есепте тұрғаны туралы мәліметтер іс материалдарында бар.

Апелляциялық шағымдарда марқұмның жанжалдан кейін тірі болғаны, кейін полиция бөлімінде қайтыс болғаны көрсетілген. Сонымен қатар, қорғаушылар сотталған азаматтардың әрекеттері қажетті қорғаныс шегінде болғанын, ал кейбір сотталғандардың өздері де ауыр жарақат алғанын алға тартады.

Баспасөз конференциясында:

— полиция күш қолданғанына қатысты дәлелдер

— істегі процессуалдық заң бұзушылықтар;

— зерттелмеген мән-жайлар;

— сотталғандардың туыстарының ұстанымы жария етіледі.

Спикерлер:

— Акбаров Махмут Асқарұлы — сотталушының туысы

— Мусаева Гулназ Тургарақызы — сотталушының туысы

— Ашимханов Айтжан Рашидұлы — адвокат

— Инга Иманбай — модератор

Күні мен уақыты: 2026 жылғы 22 мамыр, сағат 12:00

Мекенжайы: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 98, «Навои» БЦ, 302 кабинет

БАҚ үшін байланыс: Инга Иманбай, +7 700 953 20 29


Смотрите также