• Главная
  • >
  • Мәслихат тақырыбы «Заңсыз соттаулар – Конституцияны аяққа таптау»

Мәслихат тақырыбы «Заңсыз соттаулар – Конституцияны аяққа таптау»

19.04.2023

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАНДЫРУЫ

20.04.2023(бейсенбі)сағат 11.00, мәслихат тақырыбы «Заңсыз соттаулар – Конституцияны аяққа таптау»

«Халық парламенті» өткізген митингіге қатысқан белсенділерді сот арқылы қудалау тоқтар емес. Жиын бостандығын шектейтін заңдағы қиғаштықтар, полиция қызметкерлері мен прокурорлардың, судьялардың саяси тапсырманы орындауға жұмылдырылғаны туралы ақиқатты халық білсін. Билік жүйесіндегілер әділетсіздікке, заңсыздыққа баруы арқылы қоғамдағы ахуалды ушықтырып отыр. Бұл не, тоқаевшылардың білместігі ме, әлде президентті кетіруді ойлаған назарбаевшылардың жоспарлы әрекеті ме? Алматы қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттағы масқара жағдайға кім жауап береді? Баспасөз мәслихатына келіңіздер, қатысыңыздар!

Спикерлер:

Маржан АСПАНДИЯРОВА – құқық қорғаушы,

Ғалым НҰРПЕЙІСОВ – қорғаушы

Жалғас САПАРХАНОВА – қорғаушы

Мұрат ОСПАНОВ – Халық парламентінің мүшелi, жауапқа тартылғаны

Мадина КӨКЕТАЕВА – Халық парламентінің мүшелi, жауапқа тартылғаны

Уақыты: 20.04.2023, сағат 11 00

Орналасқан жері: Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығы.

Мекен-жайы: Алматы қ., 8 мөлтек ауданы, 4а, «Казинвестстрой» бизнес орталығы, 425 каб. (Абай-Өтеген батыр ауданы, Мәскеу метро станциясының жоғарғы жағы)

Тарату: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Инга Иманбай

баспасөз орталығы,

+8 7272 498670


Смотрите также