• Главная
  • >
  • «Қазақ көшіне қауіп төнді» пресс-конференция

«Қазақ көшіне қауіп төнді» пресс-конференция

16.09.2022

19 қыркүйек (дүйсенбі) сағат 11.00-де «Қазақ көшіне қауіп төнді» пресс-конференция.

Қазақ көшіне қауіп төнді! Онсызда соңғы жылдары пандемия және кей елдердегі саяси себептерге байланысты шатқаяқтап, қатты саябырсып кеткен шетелдегі қандастарымыздың ата-мекенге бет алған көшіне алдағы уақытта мүлдем тоқтау салынайын деп тұр. Оған себеп үкімет дайындаған “Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының  2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы”.

Осы тұжырымдаманың төртінші бағытында және 15-бастамасында «Қандастарды қоныстандыру саясатын қайта қарау».

Құжаттарды қабылдау кезеңінде келу орнын айқындау тетігін енгізу және 5 жылдық болу мерзімінен кейін азаматтық бере отырып, еңбек күші тапшы өңірлерге көшуді реттеу және ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау” қарастырылған.

Бұл тұжырымдама күшіне енсе үкімет белгілеген яғни Солтүстік өңірлерге қоныс теуіп 5 жыл тұрған жағдайда ғана ҚР азаматтығына құжат тапсыра алады деген сөз. Демек үкімет белгілеген аймақтардан тыс жерлерге қоныстанғысы келетін өз қандастарымызға қандас мәртебесін алу және азаматтыққа құжат тапсыру мүмкіндігі берілмейді деген сөз.

Бұндай тұжырымдама азаматтардың өз қоныстарын еркін таңдау және жүріп-тұру құқығын шектеу деп білеміз. Мұндай шара өз қандастарымызға жасалған тарихи әділетсізпен қатар қазақ көшін мүлде құрдымға жібереді!  Сондай-ақ бұл халықаралық адам құқығы нормаларына және отыз жылдан аса уақыт жүргізілген көші-қон саясатына да қайшы әрекет деп танимыз.  Тәуелсіздігіміз бен ұлттық мемлекетіміздің нығаюына және қазақ ұлтына қарсы жасалған бұл тұжырымдамаға қоғам өкілдері өз наразылығын білдіре отырып баспасөз мәслихатын өткізуді жариялайды.

Спикерлер

Марат Бәйділдаұлы ТОҚАШБАЕВ жазушы- публицист,

Рысбек СӘРСЕНБАЙ журналист, саясаткер,

Алмас АХМЕТБЕК, ақын,

Рахым АЙЫПҰЛЫ, қоғам қайраткері,

Ырысбек ТОҚТАСЫН, қоғам белсендісі.

Өтетін уақыты: 19 қыркүйек 11:00де

Өтетін орны; Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы. Алматы қаласы 8-ықшам аудан, 4а үй,4 қабат, 425 каб.

Тарату: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Байланыс телефоны +77474608587

Андрей Гришин

баспасөз орталығы,

+8 7272 498670


Смотрите также