• Главная
  • >
  • «26 қарашада Алматы қаласында өтетін кезекті ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ туралы» баспасөз мәслихаты өтеді

«26 қарашада Алматы қаласында өтетін кезекті ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ туралы» баспасөз мәслихаты өтеді

14.11.2021

15 қараша 2021 күні, сағат 12 00,  «26 қарашада Алматы қаласында өтетін кезекті ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ туралы» баспасөз мәслихаты өтеді .

Кедейшіліктен, жұмыссыздықтан, қымбатшылықтан қажыған, мемлекетті басқарғандардың  өтірігі мен ұрлығынан, әділетсіздігінен, араны толмас жемқорлығынан зардап шеккен  халықтың төзімі таусылды. Авторитарлық, отбасылық, олигархиялық билік жүйесін   келмеске кетіріп, шынайы демократиялық, құқықтық қоғам  орнататын кез келді. Оны кешеуілдету – тәуелсіздікке, мемлекеттілікке төнген қатер. Барлық үміт тек халықтың өзінде, оның саяси белсенділігі, күрескерлігі, табандылығы ғана Отанымызға  қорған болады. Халық құрылтайында  демократиялық, оппозициялық күштер, ұйымдар мен бірлестіктер өкілдері, саясаткерлер, патриоттар, азаматтық белсенділер бас қосып, батыл, нақтылы шешім қабылдайды. Ортақ мақсатқа бірлесіп жетудің жолдарын қарастырады.

Құрылтай жиындары  2019 жылы 1 маусымда астанада, 2020 жылы 7 қыркүйекте Алматыда өткен. Бұл кезекті, үшінші бас қосу.

Спикерлер:

Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ ТҰРСЫНБАЕВ

Қоғам қайраткері Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Қоғам қайраткері, журналист, жазушы Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ (ТОҚАШБАЕВ)

ДАТ басылымының бас редакторы, журналист Ермұрат БАПИ

Өтетін орны: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы. Мекен жайы: Алматы қ.  8-ықшам ауданы, 4 а үй, 425 кеңсе.

Уақыты: 15.11/2021  сағ.12 00

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/Iiye/

Баспасөз  орталығы, И.Иманбай. Тел. 87272498670     


Смотрите также