2026 жылы 21 сәуір, сағат 12:00 Алматыда «Атажұрт» ұйымның 18 мүшесі Қытай билігінің ықпалы нәтижесінде заңсыз сотталды» пресс-конференцисы.
13 сәуір күні «Атажұрт» ұйымының 18 мүшесіне байланысты сот үкімі шықты. Онда 5 жылға 11 адам бас бостандығынан айыру, 8 адам бас бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Белсенділердің кінәсін дәлелдейтін ешқандай дәлел жоқ болсада, «саяси бап» болып табылатын, ҚР қылмыстық кодексі 174-бабының екінші бөлігі бойынша кінәлі деп танып, соттады.
Бас бостандығынан айыру жазасына үкім етілгендердің ішінде Қытай концланер күәгері Тұрсынбек Қаби, көзі көрмейтін Батылбек Байғазы және Қытайда жазықсыз тұтқындалған күйеуін босатуды сұраған Гүлдария Шеризатта бар. Ал бас бостандығынан шектелгендер олар бейбіт наразылық кезінде сөйлемеген, ешқандай әрекет істемеген, тіпті видеода көрінбегендер еді.
Тақырып
«Атажұрттың» 18 азаматына шығарылған қатал және заңсыз үкімнің күші жойылсын.
Спикерлер:
Шынқуат БАЙЖАНОВ, адвокат;
Әсен НҰРСАН, «Атажұрт» құқық қорғау ұйымның мүшесі;
Оралхан ӘБЕН, бас бостандығынан айырылған Тұрсынбек Қабидың жұбайы;
Нұргүл ИБРАЕВА, бас бостандығынан айырылған «Атажұрт» ұйымының басшысы Бекзат Мақсұтханның жұбайы;
Гүлбағым ОРАЗБЕК, бас бостандығынан айырылған Еркінбек Нұрақынның жұбайы;
Нұрмұқан АРЫСТАН бас бостандығы шектелген Бақытбек Нұрмаханның әкесі
Айым БАЙҒАЗЫ, бас бостандығынан айырылған Батылбек Байғазының қарындасы.
Уақыты: 2026 жылдың 21 сәуір, сағат 12:00
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен-жайы:Алматы қ., Абылайхан даңғылы 103, Төле би көшесінің қиылысы, 4-қабат, 411-кеңсе. (Детский мир)
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Байлансы телефон: 8 700 0341977 Әсен
Андрей Гришин, пресс-центр КМБПЧ (8 707 420 40 14)