• Главная
  • >
  • «Оспан батырдың ұрпақтарына араша сұрайды» пресс-конференциясы

«Оспан батырдың ұрпақтарына араша сұрайды» пресс-конференциясы

01.10.2020

Зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен Оспан батырдың туыстары Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Нұрлан Нәбиұлы (Оспан батырдың немересі), Нағыз Мұхаммедұлы (Оспан батырдың немерелес ағайындарының ұрпағы), Толқын Соғысайұлына (Осан батырдың аталас ағайындарының ұрпағы) Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан араша сұрап, баспасөз жиынын өткізбек.

Спикерлер:

Ахат ӘШУ (Толқын Соғысайұлының бауыры) 

Назыкен БІКЕЙҚЫЗЫ (Нағыз Мұхаммедұлының анасы)

Парасан НҰРЛАНҰЛЫ (Нұрлан Нәбиұлының баласы)

Уақыты: 2 қазан 2020 ж., 14:00

Өтетін орыны:  Жиынды тікелей эфирде төмендегі сілтеме бойынша көруге болады:

https://www.facebook.com/kibhr/live/

https://bureau.kz/press-czentr/arasha-suraydy-press-konferencziyasy/

Есдәулет Қызырбекұлы,

АҚмЗСЖҚХБ баспасөз орталығы, +7 7013479719


Смотрите также