• Басты
  • >
  • Еуропалық сарапшылар Қазақстанда адам құқығы өрескел бұзылатынын айтты

Еуропалық сарапшылар Қазақстанда адам құқығы өрескел бұзылатынын айтты

17.04.2018

Бүгін Қазақстанның адам құқығы және заңдылықтың сақталуы бойынша халықаралық бюросы пресс-залында Польша сеймасының депутаты Марчин Свенцицкий мен италиялық адам құқығы жөніндегі лига президенті Антонио Станго және бюро директоры  Евгений Жовтис арнайы баспасөз мәжілісін өткізді.

«Біз, Польша сеймасының депутаты Марчин Свенцицкий мен италиялық адам құқығы жөніндегі лига президенті Антонио Станго құқыққорғаушылар Евгений Жовтис пен Бақытжан Төреғожинаның шақыруымен сәуірдің 14-17 аралығында Қазақстан Республикасында болдық.

Біз Қазақстандағы кейбір түрмеде қамауда отырғаназаматтардың ісінде саяси астар бар деген болжам бойынша, олардың түрмедегі жағдайы және тағылған айыппен танысуға келдік.

Қазақстанның билік өкілдерімен кездестік. ҚР Ішкі істер министрінің орынасары Рашид Жакуповпен, Бас прокурор орынбасары Ерлік Кененбаевпен, тергеуші Сергей Перовпен кездестік.

Бізді соңғы уақытта болған сот реформасымен, азаптау фактілерін тергеудің жаңа нормаларымен таныстырды. Қазақстанда соталушылар саны азайғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар, жекелеген қылмыстық істер мен тұтқындар туралы сөз де болды.

Біз БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитет шешімімен тез арада босату ұсынылған Мұхтар Жәкішевті түрмеден босату мәселесін көтердік. Жәкішевке түрме жағдайында емдеуге келмейтін бірнеше ауыр диагноз қойылғанын білеміз. Сондықтан, оның тез арада босатылуын талап еттік.

Сонымен қатар Ескендір Ерімбетов, Алмат Жұмағұлов және Кенжебек Әбішевті қамаудан босатып, тергеу уақытында оларды түрмеден өзге бұлтарттпау шарасын қолдануды ұсындық. Сонымен қатар, олардың ісінде саяси құрам бар екенін ескере отырып, тергеу мен соттың әділ әрі ашық өтуін қалаймыз.

Ескендір Ерімбетов бізге өзін қалай азаптағаны туралы баяндап берді. Басынан көп мәрте темірмен соққы алғанын, қазір денсаулығы сыр беріп, жиі ауыратынын жеткізді.

Оны азаптау фактісі бойынша жабылған істі қайта қозғап, әділетті тергеу өткізуді ұсындық.

Кездесу кезінде Жұмағұлов оның ісі бойынша басты дәлел болып отырған видеоға еш қатысы жоқ екенін айтты. Тура сондайды сол іс бойынша екінші айыпталушы Әбішев те жеткізді. Олардың сөзінен түсінгеніміз, екеуі де өздерінің белгілі бір ұстанымдары мен пікір үшін қамауда отыр. Иә, олардың пікірі ұнамауы мүмкін, бірақ ол үшін қамауға болмайды ғой.

Сонымен қатар, танымал блогер Ардақ Әшімнің ісімен де танысуға мүмкіндік болды. Біз білген ақпарат бойынша оны жалған анықтама арқылы психикалық ауру деп танып, оқшаулаған. Бұл дұрыс емес.

Біздің қысқа мерзімді сапарымыздың нәтижесі бойынша 2-3 күннің көлемінде есеп дайындалып, оны Еуропарламентке ұсынамыз», – деді Марчин Свенцицкий.

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз