АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Әділет министрлігі: Қазақстанда саяси тұтқын жоқ, түрмеде тек қылмыскелер отыр

Әділет министрлігі: Қазақстанда саяси тұтқын жоқ, түрмеде тек қылмыскелер отыр

12.07.2021

Өткен аптада астанада болған брифингте Әділет министрінің орынбасары Ақерке Ахметова Азаттық журналистерінің құқыққорғау ұйымдары мен Еуропарламенттің мәлімдемелеріне байланысты сауалына жауап беріп, Қазақстанда мүлде саяси тұтқынның жоқ екенін мәлімдеді.

«Түрмелерде қылмыстық іске барған қылмыскерлер бар. Екіншіден, Еуропарламент және басқа да халықаралық ұйымдардың ұсыныстары қарастырылады. Ол ұсыныстардың көбі қабылданып, жүзеге асты. Мәселен, өлім жазасын алып тасдық», – деп мәлімдеді Ахметова.

Журналистің «қылмыскелер» қатарына рұқсат етілмеген бейбіт митингтерге шыққан азаматтар да жата ма деген сауалына вице-министр «иә» деп жауап берді.

«Өзіңіз айттыңыз ғой, рұқсат етілмеген деп. Яғни, заңсыз митинг. Оған қатысқан азаматтарды митингтер туралы заңға сәйкес азаматтық немесе қылмыстық кодекске сай шешім қабылданады», – дейді Ахметова.

Қазақстандағы Адам құқығы және заңдылықтың сақталуы бойынша Бюро директоры Евгений Жовтис бұл пікірмен түбегейлі келіспейді. 

Оның пікірінше рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін қылмыстық жазаға тартуға болмайды.

«Олар бейбіт митингке қатысқанын елде «экстремистік» деп танылған ұйым мүшелігін дәлелдеу үшін пайдаланады. Яғни, бірінші ұйымды заңсыз сотпен экстремистік деп таниды, сосын бейбіт жиынға шыққан азаматтарды сол ұйымның қолдаушысы деген желеумен заңсыз соттайды. Оның барлығы да саяси астары бар істер, яғни Еуропа кеңесі мен Amnesty International стандарттарына сай олар саяси тұтқын болып саналады. Егер біздің қылмыстық кодексте «саяси тұтқын» деген ұғым жоқ болса, ол елде саяси тұтқын жоқ деген сөз емес», – дейді Жовтис.