АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Назарбаевты сынап видео түсіргені үшін ұсталған белсенді екі айға қамалды

Назарбаевты сынап видео түсіргені үшін ұсталған белсенді екі айға қамалды

20.04.2020

Сәуірдің 12-і күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынап ғаламторға видео жариялап, ертесінде ұсталған қарағандылық Арман Хасенов 2 айға қамауға алынды. Оның үстінен «тұңыш президенттің ар-ожданына тіл тигізу» бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта арнайы лингвистикалық сараптама тағайындалған. 

ҚР Қылмыстық Кодексінің 373 бабы бойынша, тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлап, оның абыройына тіл тигізгені үшін кінәлі тарап 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Бұдан бөлек бүгін әлеуметтік желіде 10 күнге сотталған белгілі блогер Геннадий Крестьянскийдің сот шешімімен келіспей, аштық жариялағаны жөнінде ақпарат тарады.


Пікір үстеу