• Басты
  • >
  • Белсенді Санавар Закирова 15 тәулікке қамалды

Белсенді Санавар Закирова 15 тәулікке қамалды

09.11.2023

Фото: Власть.кз

Астанада белсенді Санавар Закирова 15 тәулікке қамалды. Ол 25 қазан қарсаңында «митингке шақырды» деп айыпталып, үстінен 488-баптың 12-бөлігі бойынша іс қозғалған. 

– 17 қазанда Астана тұрғыны Facebook-та митингіге шақыратын жазба жариялап, менен бөлек тағы 92 адамды тегтеген. Енді сол үшін мені соттап жатыр. «Жазбаны мен жазған жоқпын, басқа адам жазды»десем, судья «жазба сіздің парақшаңызда тұр» дейді». Егер сізді біреу тегтесе, оның жазбасы сіздің парақшаңызда пайда болады десем де сөзіме құлақ асқан жоқ, – деді Санавар Закирова.

Оның сөзінше, жазба авторы Махаббат Құсайнова сотта жауап бергісі келген. Алайда судья оған мүмкіндік бермеген. 

Санавар Закирова сот шешімін келіспейді. Алдағы уақытта апелляциялық бермек. 

8 қарашада бас прокуратурада президент әкімшілігі, ҰҚК, жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері қатысатын жиын өтіп, онда белсенділер құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарын жеткізуі тиіс болған. Алайда Закирова таңертең үйінен шыққан кезде оны ұстап әкеткен.

Екі күн бұрын «Біздің құқық» тіркелмеген саяси партиясының жетекшісі Санавар Закирова және бірнеше азаматтық белсенді президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арыз тапсырып, үш мәселені қарауды талап еткен. Олар Қазақстанда АЭС-ті «Росатомның» салуына қарсылық білдірген. Бұған қоса, «АрселорМиттал Теміртау»шахтасындағы ірі апаттан қаза болғандардың отбасы мен зардап шеккендерге тиісті өтемақы беруді және киіктерді атуды тоқтатуды талап еткен.


Сондай-ақ қараңыз