• Басты
  • >
  • Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылған балалардың шығармашылық көрмесі өтіп жатыр 

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылған балалардың шығармашылық көрмесі өтіп жатыр 

16.06.2023

Көрмеде «Маусым» жобасы аясында салған он жеті баланың суреттері қойылған. Шараның мақсаты – Қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылып, қайғы мен тұрмыс ауыртпалығын жалғыз бастан өткеріп жатқан отбасылардағы шығармашыл балаларға мүмкіндік беріп, талантын шыңдай түсуге жәрдемдесу.

Қазақстандық суретшілер – Арыстанбек Шалбаев, Шаттық Батан, Нұрбол Нұрахмет, Мөлдір Сағындық және Алмас Нұрғожа үш күн бойы он жеті балаға шығармашылық идеяларын кенеп пен қағазға түсіруге үйреткен.

Шараны Ақерке Ораз, Белла Орынбет, Баубек Сағындықов, Әннес Бағдат және Айгерім Құсайынқызы ұйымдастырған. 

Көрме 16,17,18 маусым күндері Абылай хан даңғылы, 62 (Imagine Studios, 6-қабат) мекенжайында өтеді. Көрменің соңында аукцион өткізіліп, суреттер сатылымға шығарылады. Түскен ақша сурет авторларына беріледі. Аукцион жексенбі күні сағат 17.00-де басталады.


Сондай-ақ қараңыз