• Басты
  • >
  • Бүгін халықаралық адам құқығы күні

Бүгін халықаралық адам құқығы күні

10.12.2020

Бүгін халықаралық адам құқығы күні. 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жалпыға ортақ адам құқығы декларациясын қабылдады. Ал 1950 жылы Бас Ассамблея барлық мемлекеттер мен ұйымдарды 10 желтоқсанды адам құқығы күні деп бекітуді үндейтін арнайы резолюция қабылдады.

Декларация орындалуға міндетті құжат болмаса да, ол адам құқығы саласында халықаралық стандарттарға айналған 60-қа жуық бастамның қабылануына себепші болды.

Өкінішке орай, адам құқықтары декларациясы орындалуға міндетті болмағандықтан, бірқатар авторитар елдер бұны нақты іс емес, құр уәде мен сөз деп қабылдайды. Десе де, барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймыз. Болашақта біздің елімізде де адам құқығы декларациясы негізгі құжат болатынына сенеміз.


Сондай-ақ қараңыз