Қызылорда облысындағы №60 мекемеде 7-жылдық түрме жазасын өтеп жатқан саяси тұтқын, журналист Думан Мұхамедкәрім қоғамға хат жолдады. Онда ол өзінің басынан өтіп жатқан қиыншылықты сипаттайды.
Думан Мұхамедкәрім өзінің мұның алдында жазған шағымдарының бірі де сыртқа шықпай отырғанын атап өтті. Өзі отырған Қызылордадағы түрмені «концлагерьге» теңеді Думан Мұхамедкәрім. Хатында ол былай деді: «Есесіне ҚАЖД әлгі арандатушылар толтырған қағаздарға сілтеп-Думаның тәртіпке бағынбайды. Осымен 12 рет тәртіптік жазаға тартылды деген уш бу хат жазып Ақордадан сүйінші сұрайды. Ақордаға айтқанынан шықпаған, саяси тапсырысты бұлжытпай орындағандарды ренжітпейтін сияқты. Мені бірінші боқтап сосын видеожетонын қоса қоятын Фархад Сейтімов еңбек демалысын алды. Арандатушы Бағдаулет Мырзахан ҚАЖД-ге осы №60 мекемені қадағалайтын өзіндік қәуіпсіздік бөлімінен қызмет алды. Енді бір арандатушы Дания Әбдіраманның офицерлік шені өсіп кезекші болады екен. Бұл ақпаратты мекеме басшылығы маған растады».
Сонымен бірге, журналист өзінің камерасында жарылған зат туралы да айтты. Оның мәлімдеуінше, ешқандай да тергеу әрекеттері жүрмеді бұған байланысты. Думан Мұхамедкәрім былай деді: «Енді, «Түрмеде атылған оқ» деп атаған, тамыздың алтысы күнгі оқиғаға келсек. Бұл тергеуде алдынғы принциппен жүрді. Бір емес бірнеше жауап келді. Бәрінде Расталмады деген нәтиже. Адвокатым Ғалым Нұрпейісов «Ар Рух.Хақ» Президенті Бақытжан Төрежина, Рысбек ағаммен Маржан апам және ата-анамның араласуымен маған қарсы жасалған қастандық қоғамға жетіп екі жарым ай өткеннен кейін тергеу қайтадан басталды. Астанадан біреулер келіпті деген сыбыс естігенмін. Алайда №60 мекеме басшылығы маған –«олар басқа мәселемен келді»- деп сендірді. Қалай болғанымен астаналық «Катанилер» менімен сөйлеспеді. Мен барда қапас ішіндегі жарылған заттан қалған қара дақтарды тексермеді. Есесіне мені әбден қажытқан ҚАЖД дан Серік Жоламановпен Айбол Мақашев дегендер келіп сөйлесті. Оның өзінде Серік қарап тұрды, Айбол мені сөзбен алдап тұрды. Шүкір демейсіңбе, Бас аман, қол аяғың сау қоя сал осы әңгімені- дейді Айбол Мақашев. Мен әрине көнбедім.Сөйтсем Айболың-дәлелді заттар жоқ. Видео жеткіліксіз. Яғни расталмады-деп тергеу аяқталмай жатып нәтижесін 09.10.25ж. алдын ала маған айтып берді. Басқа нәтиже болуы мүмкін емес әрине. Ақиқат-ұры жүйе құлағанда бірақ ашылар».
Өзінің денсаулығына қатысты да тоқталады журналист: ««Дат» газетінің 02.10.2025ж. күнгі №32 (769) санында қорғаушыларымның менің денсаулығыма алаңдайтыны туралы мақала жарияланды. Ішінде Қызылордалық ҚАЖД мен ҚРІМ ҚАЖК ресми жауабы бар. Әділет органдары (шындығында әділетсіздер) менің денсаулығым қалыпты депті. Шамасы салмағым (65) және қан қысымым (120/70) қалыпты болған соң соны сілтеген сияқты. Ал,суық тиген қуығым, бауырым және төмен түсіп кеткен екі бүйрегім мен жүріп-тұруымды қиындатқан белімдегі сырқат жайында ауыз ашпаған. Яғни Думанның денсаулығы қалыпты-дегендері барып тұрған өтірік. Жалған ақпарат таратқаны үшін менің адвокаттарымды адастырып шындыққа жанаспайтын мәлімет бергені үшін ҚАЖК-ден А.Қайырбековты Қызылордалық ҚАЖД-ден Ж.Зиябековты жауапқа тартып айыппұл салу керек. Мен ондай шағымды 10.10.2025ж күні Президент әкімшілігіне, Бас Прокуратураға, ҚРІІМ ҚАЖК-ге және қос палаталы Парламентіне жазып жібердім. Арызымды «Қалиев Бағлан-лаңдап қоймады Ж.Зиябековтың зияны көп. Ал,А.Қайырбековтен қайыр жоқ»-деп атадым».
Думан Мұхамедкәрім өзіне қарсы қастандық жасала ма деп қауіптенеді Қызылорда мекемесінде: «Мен шынымен мына түрменің ішіндегі түрмеден және жалпы Қызылордалық НКВД-щниктерден қатты қауіптенемін. Бұлардың бір ауыз сөзіне сенуге болмайды. Жарты жылдай тыныш жатқанымда қастандық жасалды. Яғни,бұлардың мақсаты мені сәл ұмыттырып көзімді жою».
Думан Мұхамедкәрімнің жақтастары алдағы уақытта баспасөз мәслихатын өткізіп, оның жағдайына байланысты тағы да ақпарат бермек.