• Басты
  • >
  • Митинг қарсаңында бірнеше белсендінің үйінде тінту жүргізілді

Митинг қарсаңында бірнеше белсендінің үйінде тінту жүргізілді

28.10.2020

Нұр-Сұлтанда бірнеше белсендінің үйінде тінту жүргізілді.

Қазанның 27-і күні елордада полиция азаматтық белсенділер Әсел Оңланбекқызы, Айнұр Мырзалиева, Асқар Қайырбек, Әлия Жақыпова, Алтын Лесбаева және Серік Жахиннің үйіне тінту жасады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тінту жұмыстары сот санкциясына сәйкес жасалғанын мәлімдеді. Азаматтық белсенділердің өзі бұны қазанның 31-і күні болатын митингімен байланыстырады.

Бұған дейін, құқық қорғаушылар Ғалым Ағелеуов пен Бақытжан Төреғожина қазанның 31-і күні «саяси реформа жасау және саяси себептермен қудалауды тоқтатуды» талап етіп, митинг өткізетінін мәлімдеген. Кейіннен Алматы қаласының әкімдігі митингті өткізуге рұқсат берген.