• Басты
  • >
  • Зиялы қауым өкілдері Сайрагүл Сайуытбайға араша түсті

Зиялы қауым өкілдері Сайрагүл Сайуытбайға араша түсті

18.07.2018

БҰҰ Бас хатшысына,

БҰҰ мүше елдердің Басшыларына,

ЮНЕСКО, Европарламент; ОБСЕ,

АҚШ Сенатының Халықаралық қарым-қатынастар

 мәселелері жөніндегі Комитетіне,  USAID,

Helsinki Comission, National Democratic Institute

барлығы 67 халықаралық ұйым!

 

Қазақстан халқына!

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

Азаматша Сайрагүл Сауытбайдың тағдырына қазақ халқы, Қазақстан қоғамы мен халықаралық үйымдар алаңдауда. Қытай, бұл күнде миллионнан астам ұйғыр, тибет, қазақ т.б. халықтардың өкілдерін себепсіз түрмеге қамап, сол халықтардың ана тілдері мен мәдениетін жүйелі жойып геноцид жасауда және адам құқығын таптауда әлемде алдыңғы қатардағы елдің біріне айналды. Қытайдың адам құқығын өрескел бұзудағы саясатын әшкерелеген 60-тан астам мақалалар Гардианнан бастап көптеген Батыстың басылымдарында жарияланды. 

Сотта анықталғандай Қытай жағы Сайрагүлдің құжаттарын тартып алып, оны өліммен қорқыту арқылы БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізгі баптарын өрескел бұзып отыр.

Сайрагүлдің тағдыры соттың мәселесі емес, Халықаралық құқық қорғау органдары, «Франс пресс» т.б. басылымдардың жазғанындай саяси мәселеге айналуда. Сондықтан, бұл істің оң шешілуі елдегі тұрақтылық пен Қазақстанның беделінің нығайуының кепілі.

Жоғарыдағыларды ескеріп, «Қазақстан Альянсы» қауымдастығы, Түркі және угро-фин халықтары Конгрессі, елдегі зиялылар мен қоғамдық ұйымдар төмендегіні мәлімдейді:

  1. Сайрагүл Сауытбайға Қазақстаннан саяси баспана берілсін;
  2. Ол сотталғанның өзінде БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізінде жазасын Қазақстанда өтесін;
  3. Осы істің оң шешілуіне тікелей жауапты Қазақстан Президенті, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, СІМ және ҰҚК-нен мәселенің халықаралық нормаларға сай оң шешілуін 18 млн қазақстандықтар және халықаралық қауымдастық атынан талап етеміз.

Құрметпен,

Түркі және угро-фин халықтары Конгрессі мүшелері- АҚШ, Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Эстония, Финляндия, Франция елдерінен барлығы 13772 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалым-профессорлар;

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Қазақстан ғалымдар Одағы, Жазушылар одағы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. 38 қоғамдық ұйымдар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан:

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЖОВТИС Евгений- Адам құқығы жәнезаңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы;

СӘБДЕН ОразалыҚазақстан ғылымдар қауымдастығының Төрағасы, академик, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ҒАББАСОВ Совет-Хан – медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

ТОҚАШБАЕВ Марат – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:

ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны, Қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы;

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері;

ӘШІМОВ Асанәлі- ҚСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері;

ТҰРСЫНБАЕВ Балташ – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, мемлекет және қоғам қайраткері;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай – физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;

НҮСІПЖАНОВ Нұрғали- Қазақстанның халық әртісі, әнші;

ҮШКЕМПІРОВ Жақсылық- Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек Ері;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат – «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. – «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ИСА Қазыбек  –  “Қазақ үні” газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық – “Алтын күз” ордені иегері.

САРЫМ Айдос –  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  – қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

КӨШІМ Дос -“Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы;

АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);

ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы; 

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш – ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  – Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

 ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия – тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;

ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;

ҚАНАТБАЕВ Серік – ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот – ҚР ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                    

БАБАМҰРАТ Дәурен –  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта – Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;

ҚОСАНОВ Әміржан – қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;

ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;

АЛИБАЕВ Алик     – экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;

КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері

ТӨРЕХАНОВ Эрнст –  жазушы, қоғам қайраткері;

МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. –  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен – «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы – «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали – саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен – аудармашы, әдебиеттанушы;

НҰР-АХМЕТ Дос -“Ұлт патриоттары”қозғалысының төрағасы;

БӨТЕЕВ Марат – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. – Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. – Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. – журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек – филология ғылымдарының кандидаты;

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын;

 

 

 

 

 


Пікір үстеу