КМБПЧ – Казахстанское международное бюро по правам человека и соблюдению законности

Көңіл айту / Соболезнование

25.01.2018

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралык бюросы, бюроның Атырау қаласындағы өкілі Әсел Нұрғазиеваға әкесі – Болат Нұрғазиевтің мезгілсіз қазасына орай қайғырып көңіл айтады.

Біз Болат ағаның өзінің бар күші мен қажырын, өмірін Отаны мен отбасына арнаған адал азамат болғанын білеміз. Тек сондай азамат қана Әсел сынды адам құқығын қорғауға бел шешкен батыл азаматшаны тәрбиелеген болар еді. Ашық-жарқын, қонақжай, өмірге деген құлшынысы мен адамдарға деген мейірімі ерекше Болат ағаны таныған адамның барлығы да ол кісі туралы керемет пікірде еді.

Бұл арты толмас қайғы, десек те өмір жалғасуда, соныдықтан оның жақындарына тек жақсы естеліктермен, ол кісі қалай қалар еді, солай өмірді жалғастырудан өзге шара жоқ.

Біз Болат Нұрғазиевтің жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, ағаның иманы саламат болсын.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРОСЫ

 

Казахстанское международное бюро по правам человека и соблюдению законности выражает свои соболезнования Асель Нургазиевой, нашему представителю по Атырау, в связи с уходом из жизни ее отца – Болата Нургазиева.

Мы знаем, что Болат Нургазиев был глубоко порядочным и честным человеком, отдавшим всю жизнь своей стране, своей работе и своей семье. И только неравнодушный и искренний человек мог воспитать такую дочь как Асель, выбравшую стезю защиты прав человека. Светлый и гостеприимный, любящий жизнь во всех ее проявлениях, уважаемый Болат-ага оставил о себе воспоминания у всех, кому довелось с ним видеться и общаться.

Это невосполнимая утрата, но ничего с этим сделать нельзя – только бережно сохранить человека в памяти и продолжать жить так, как бы он этого хотел сам.

Наши соболезнования семье Болата Нургазиева и пусть земля ему будет пухом.

КАЗАХСТАНСКОЕ МЕЖДУНАРОДНОЕ БЮРО ПО ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА И СОЛЮДЕНИЮ ЗАКОННОСТИ


Добавить комментарий