Қазақстанда Әблязовтың заңгерінің ағасы тұтқынға алынған

07.12.2017

Дәл қазір оған – 2005-2013 жылдар аралығында Мұхтар Әблязовтан қаржы алды, ол әркетімен БТА банктен ұрланған қаржының ізін жасырды деген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 193 бабы бойынша айып тағылған.

Бұл іс бойынша Ерімбетовпен бірге жұмыс істеген Дмитрий Пестов, Василина Соколенко және Михаил Зоров та тұтқынға алынған. Кәсіпкердің әкесі, Мырзахан Ерімбетовтың айтуынша, дәл қазір бұл азаматтарға қысым көрсетіліп, өзіне және ұлына қатысты куәлік беру талап етілуде. Ол осының барлығы қызы Ботагөз Жәрдемәліні елге қайтару мақсатында жасалған бопсалау әрекеті екенін айтады.

Ботагөз Жәрдемәлі Мұхтар Әблязовтың заңгерлік қорғауын басқарған. 2013 жылы Қазақстан билігі Әблязов ісі аясында оған да іс қозғап, Интерполдың іздеуіне салған. Сол жылы Белгия билігі оған саяси босқын мәртебесін беріп, 2016 жылы Интерпол Б.Жәрдемәліні өз тізімінен алып тастаған.

Туыстарының айтуынша, Ескендір Ерімбетов Қазақстанда тұрған және саясатқа араласқысы келмегендіктен қарындасымен еш байланысы болмаған.

15 қараша күні сот Ерімбетовты 2 айға уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарып, мемлекеттік айыптаушы оның және туыстарының мүлкін тәркілеуді сұраған.

Іспен жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушісі С.Н.Перов жетекшілігіндегі ведомство- аралық топ айналысады.

Баспасөз мәжілісіне туыстарымен қатар Ескендір Ерімбетовтың достары мен қызметтес әріптестері де қатысты. Олар тағылған айыпқа сенбейтіндерін жеткізді.

Өзін Е.Ерімбетовтың досы деп таныстырған белгілі композитор Еркеш Шәкеев журналистерден объективті ақпарат беруді сұрап, досының қылмыскер емес екенін айтты.


Добавить комментарий