• Басты
  • >
  • Мемлекет бейбіт жиын бостандығын қамтамасыз етуге міндетті

Мемлекет бейбіт жиын бостандығын қамтамасыз етуге міндетті

20.12.2019

Қазақстанда 25 жылдан бері 1995 жылы қабылданған, бейбіт жиын құқығын шектейтін заң еш өзгеріссіз жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында оған әр қаладан бір-екі арнайы жерде ғана пікір айтуға бөлетін жергілікті мәслихат қаулысы қабылданды. Яғни, бейбіт жиын бостандығы мүлде шектелді деген сөз. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заң нормалары тіпті заңның өзінде қарастырылмаған қарсылық акциялары үшін жазаға тарту бойынша ескертулермен толықты. Сөйтіп, соңғы уақытта шармен қыдырған, баннер ілген, әр-түрлі флэш-мобтар жасап, ескерткішке гүл қойған үшін де жазаға тартты. Қылмыстық кодекс те репрессивті мақсатта пайдаланылып, азаматтық белсенділер қоғамдық жұмыспен айналысу, қоғамдық жиындар мен бейбіт жиындарға қатысу құқығын шектеу сынды қосымша жазаға тартылатын болды.

Соңғы ондаған, тіпті жүздеген жылдар ішінде бейбіт әрі еш қарусыз, заңдастырылмаған (аса маңызды, өткір саяси мәселелер бойынша бейбіт жиын өткізуге әкімшілік рұқсатын алу мүмкін емес) жүздеген бейбіт жиындар күшпен тоқтатылып, мыңдаған адам жазаланды. Оларды заңсыз ұстап, заңсыз тергеп, саусақтарының іздерін алып, бет-бейнелерін суретке түсірді, әкімшілік сотқа тартып, түрмеге тоғытты. Бейбіт жиындардың ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын жиынның өзіне дейін қамап, үйінен шығармай, әлеуметтік желіде наразылық шарасы жөнінде сөз қозғағаны үшін жазалады. БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитеті Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы декларациясының 21 бабы, бейбіт жиын бостандығын өрескел бұзатыны жөнінде ондаған шешім шығарды. БҰҰ-ның бейбіт жиындар және бірлестіктер бойынша Арнайы өкілі өзінің Қазақстанда 2015 жылы болған ресми сапарынан кейін билікке бейбіт жиындар туралы заңды толықтай қайта қарастыру, жаңасын қабылдау туралы ұсыныстар айтқан. Оның бірі де орындалған жоқ.

Осындай жағдайда президент Тоқаевтың 2019 жылдың маусым айында айтқан, бейбіт жиындар туралы заңды жеңілдету туралы ұсынысы жеңіл де болса үмітпен қарсы алынды. Бірнеше сарапшылар отырысы өтті. Халықаралық заң нормаларына сай келетін жаңа заң жобасы пайда болды. Алайда, жағдай әрі қарай басқаша өрбіп кетті. Не билік бұл мәселеге қатысты соңғы саяси шешімін қабылдай алмай отыр, не талқылау шенділердің кеңсесінде, жабық есік жағдайында жалғасып кетті. Ал жақында Алматы мәслихаты қабылдаған, Сарыарқа кинотеатры артынан бөлек, ендігі Махатма Ганди атындағы паркте жиналуға болады деген кекету ретінде ғана қабылдауға болады.

Сондықтан, біз осы үндеу арқылы Қазақстанда бейбіт жиын бостандығын қаматамасыз ету үшін жаңа заңда қамтылуы тиіс бірнеше негізі мәселелерді айқындағымыз келеді.

  1. Азаматтар алаңдарға басқа жиналатын жер таппағасын шықпайды. Олар өздерін толғандыратын мәселелерді, қарсылықтарын мемлекетке жеткізгісі келеді. Сондықтан, олар белгіленген елеусіз орындарда емес, орталық көшелерде, мемлекеттік мекемелер ғимаратының алдында биліктің қандай да шешімдеріне немесе елде орын алған өзекті мәселелерге байланысты пікірін білдіргісі келеді. Өздерін билік өкілдері, қоғам, БАҚ көрсе, естісе дейді. Халықаралық тәжірибеде де бұл жағдай «тиесілі аудиторияға естілетін, көрінетін жерде наразылық таныту» деп анықталған. Бұл мәселе біздің елдің жаңа заңында да бекітілуі тиіс.
  2. Азаматтар биліктен пикет, митинг, қандай да наразылық шарасын жасауға рұқсат сұрауға тиесілі емес, олардың рұқсатсыз пікір білдіруге конституциялық құқығы бар. Сондықтан, жаңа заңда рұқсат сұрау принципі, ескерту формасына ауыстырылуы тиіс.
  3. Азаматтар пикет, митинг және кез-келген наразылық шарасын өзі таңдаған қоғамдық орында өткізу құқығы жаңа заңда бекітілуі тиіс. Мемлекет тек азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін орындардың қысқа тізімін жасау керек. Қауіпті өнідіріс аймағы немесе әскери оқ-дәрі сақталатын орындар маңайы сынды.
  4. Мемлекет азаматтардың қандай да қоғамдық маңызды мәселелерге, немесе шешімдерге тез арада (ескертусіз де) наразылық білдіру құқығын да ескеруі тиіс. Билік бұл жағдайда бірінші кезекте азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығына басымдық беруі, наразылық бейбіт сипатта болған жағдайда оған қарсы қандай да шара қолданбау принципін ұстануы тиіс.
  5. Мемлекет азаматтардың тез арада ескерту жасап, өз наразылықтарын білдіру құқығын қамтамасы етудің тез әрі жеңіл жолдарын қамтамасыз етуі тиіс. Ал құқыққорғау органдары болса өздерінің тікелей міндеті, азаматтардың бейбіт жиын бостандығын қамтамасыз ету ісімен айналысуы керек.

Жоғарыда айтылған принциптер орындалғанда ғана Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт жиын бостандығы сақталады, сондықтан, олар жаңа заңнан міндетті түрде орын алуы тиіс.

ҚОЛ ҚОЙҒАНДАР

Евгений Жовтис – Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросының директоры

Зауреш Батталова – Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті Амангелді Шорманбаев – Халықаралық Құқықтық Бастама ҚҚ

Қадір Қасиет ҚБ

Ирина Медникова

Кудияров Ерсын

Зулейха Махмудова

Ерлан Калиев

Маржан Аспандиярова

Инга Иманбай

Тулесова Асия

Альнур Ильяшев   

Бақытжан Төреғожина          


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз