• Басты
  • >
  • Қазақстанда әлеуметтік желілердің бұғатталуының жиілеуіне байланысты

Қазақстанда әлеуметтік желілердің бұғатталуының жиілеуіне байланысты

14.06.2018

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросының Қазақстанда әлеуметтік желілердің бұғатталуының жиілеуіне байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстанда 2018 жылдың наурыз айынан бастап күнделікті дерлік әлеуметтік желілердің бұғатталуы байқалады.

Көптеген азаматтардың арызы мен журналистер және құқыққорғаушылардың ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне жағдайға орай түсініктеме алу әрекеттері нәтижесінде, министрлік «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) ұйымына қатысты сот шешімін орындау мақсатында бірқатар қадамдарға баруға мәжбүр екенін айтты.

ҚДТ ұйымын сот экстремистік деп танығаннан кейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ақпарат жөніндегі Комитеті Youtube, Facebook, «ВКонтакте», «Одноклассники», Twitter, Instagram және Telegram мессенджері басшылығына ҚДТ мәліметтерін Қазақстан азаматтарынының оқуына тосқауыл қою немесе оларды өшіру туралы ескерту жіберген.

Осыған орай, Комитет егер ескерту орындалмаса құзырлы орган сот шешімінің орындалуын қадағалау мақсатында шаралар жасау құқығын пайдаланатынын ескерткен. Оның ішінде аталған ресурстарға Қазақстан аумағында тосқауыл қою шаралары да бар.

Белгілі болғандай, «ВКонтакте» және «Одноклассники» ҚДТ материалдарын бұғаттау шарасын қолданды. Youtube, Facebook және Twitter бұғаттаудан бас тартты.

Осы жағдайдан кейін бірден Қазақстан аумағында Youtube, Facebook және Twitter желісіне кіруде қиындықтар туындай бастады.
Сол кезден-ақ елдегі әлеуметтік желілерге қатысты бұғаттау шаралары ҚДТ ұйымына қатысты интернет арқылы тарайтын ақпаратты тоқтату жөніндегі сот шешімін орындау мақсатында ҚР Ақмарат және коммуникация министрлігінің ісі екені айқын болды.

Алайда, бұл іс Интернет қолданушы ҚР азаматтарының тиым салынбаған ақпаратты тұтыну құқығын шектейді. Нәтижесінде жүз мыңдаған азамат әлеуметтік желіні өзіне ыңғайлы уақытта пайдаланып, тұтыну құқығынан айрылып отыр. Себебі, мемлекеттік органдардың жекелеген ақпаратты ғана бұғаттай алатын техникалық мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, белгілі бір уақытта барлық әлеуметтік желіні бірден өшіріп тастайды.

Ақиқатында, бұл уақытылы интернет провайдеріне ақшасын төлеп, қалаған уақытта ақпарат алу құқығынан айрылған қолданушылар мәселесі емес. Бұл сот шешіміне иек артып, азаматтардың барлығын бірдей тиым салынбаған ақпараттан қағып отырған құзырлы органдар мәселесі.

Мұндай іс-әрекет сот шешімін орындау мақсатында болғанына қарамастан көптеген азаматтың ақпаратты алуға және таратуға деген конституциялық құқығын бұзу болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, ешкімның де азаматтардың ақпарат алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын бұзуға құқығы жоқ. Әсіресе бұл істі сол құқықтың орындалуын қамтамасыз етуші саналатын Ақпарат және коммуникация министрілінің істегені тіпті ақылға қонымсыз.

Осыған орай Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро ҚР азаматтардың қалаған уақытта ақпарат алу және тарату бойынша конституциялық құқығын бұзуды тоқтатуға шақырады.

Егер әлеуметтік желілерді бұғаттау бойынша заңсыз әрекеттер жалғасатын болса біз Ақпарат және коммуникация министрлігі және басқа да бұл заңсыздыққа қатысы бар органдарын ҚР азаматтарының конституциялық құқығын бұзғаны үшін арызданып, соттасуға мәжбүр екенімізді, сонымен қатар, БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетке саяс және азаматтық құқықтар бойынша пактінің 19-шы бабының бұзылуына орай арыз түсіретінімізді ескертеміз.

Сонымен қатар, қазақcтандықтар арасында әлеуметтік желілерді заңсыз бұғаттауға қарсы қол жинау кампаниясын бастау құқығымыз туралы ескерткіміз келеді.

15 маусым 2018 ж., Алматы қ.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз