• Басты
  • >
  • «Магнитский актісі» Қазақстанға да қатысты жұмыс істеуі мүмкін

«Магнитский актісі» Қазақстанға да қатысты жұмыс істеуі мүмкін

15.06.2018

Джаред Генсер жиында сөзін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді 1990 жылдардан бері басқарып келе жатқанын, елдегі барлық президент және парламент сайлауы нәтижелерін ешбір халықаралық ұйымның мойындамағанын, елде сөз бостандығы жоғын айтты. Ол Қазақстандағы сот жүйесінде “әділдік жоғын” және “белсенділердің қорғалмайтынын” заңның дұрыс жұмыс істемейтінінен көретінін жеткізді.

Генсер, өзін бұл істен бас тарту мақсатында Қазақстан билігі өте беделді америкалық әріптестерінің көмегіне жүгінгенін, бұл оның іске деген қызығушылығын арттыра түскенін айтты.

«Бұл іске қатысты жергілікті билік бюджет қаржысынан өте көп көлемде ақша жұмсап жатқанына осы уақыт ішінде көз жеткіздім. Бұл менің қорғалушым саяси тұтқын деген сенімімді арттыра түсті», – дейді құқыққорғаушы.

Адвокат Қазақстанға билік өкілдерімен үшінші тұлғалар арқылы емес, бетпе-бет диалог орнату үшін келгенін, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесуді сұрағанын мәлімдеді. Бірақ министр кездесуден бас тартып, орнына басқа шенеуніктер кездесуі мүмкін екенін айтқан. Адвокат бұған қоса Қазақстан билігінен өзін Ескендір Ерімбетовпен кездестіруді сұрағанын, егер билік өтінішті орындаудан бас тартса, онда ол халықаралық пактілерді бұзу болып саналатынын ескертті.

Генсер Қазақстан билігі өзін Ерімбетовпен кездестірмесе, онда оның Астанаға кері салдары тиетінін, қазақстандық шенеуніктерге “Магнисткий актісі” заңы бойынша санкция салынуы мүмкін екенін ескертті. Адвокаттың сөзінше, “Магнитский актісі” бойынша санкция салынатындар тізіміне ең алдымен министр Қалмұханбет Қасымов ілігуі мүмкін. Ол санкция салынатын шенеуніктер тізімі түрмедегі құжатпен расталған азаптау фактілері бойынша алты айдан бір жылға дейінгі мерзім ішінде түзілуі мүмкін екенін айтты.

Perseus Strategies фирмасы әлемдегі ең әйгілі саяси тұтқындарды, оның ішінде Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавель мен Нобель сыйлығының лауреаттары Аун Сан Су Чжи, Лю Сяобо, Десмонд Туту және Эли Визельді қорғаумен айналысқан.

Журналистердің оған билік тарапынан ықпал етудің басқа да амалдарынан қорықпай ма деген сауалына: «Мен ешкімнен де қорықпаймын. Әсіресе диктатуралардан. Менде Қазақстан билігінен де мықтырақ қарсыластар болған», – деп жауап берді.

Сонымен қатар, тек қана Ескендір Ерімбетовтың ісімен шектелмей, Қазақстанда саяси тұтқын деп танылған 35 азаматтың ісі бойынша да жұмыс істеуге бел буғанын мәлімдеді.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз