• Басты
  • >
  • Кәмелетке толмағандардың құқығының сақталуы қай деңгейде?

Кәмелетке толмағандардың құқығының сақталуы қай деңгейде?

02.07.2018

Өткен аптада Алматыда Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстан Республикасындағы ювеналдық әділет жүйесінің жұмыс істеуін жақсарту және осал топтардың білікті заң көмегіне қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасы шеңберінде «Қазақстандағы балалар қорымен» бірлесе отырып, «Қазақстан дағдарыстық орталықтар одағы» ЗТБ Үйлестіру Кеңесі өтті. Жиналыс барысында жобаның қол жеткізілген нәтижелері ұсынылды, кәмелетке толмағандарға арналған сот жүйесінде мүмкін болатын реформалар талқыланып, сот төрелігі жүйесінің жұмысы сөз болды.  

«Қазақстан дағдарыстық орталықтар одағының» ЗТБ Басқарма төрағасы Зульфия Байсакова жобаның кезеңдік есебін таныстырды.

«Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі саласындағы кейбір тәжірибе Қазақстанда дамыды, алайда құқық қолдану практикасы балаларға әділет мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың нақты тетігі жоқ екенін көрсетеді. Алайда, жоба аясындағы жұмыс біраз мәселенің алдыға жылжуын қаматамасыз етті. Мәселен, қазақша, орысша семинар, тренингтерден 396 бала құқығымен айналысатын маман оқытылды. Бұл меніңше, үлкен нәтиже. Себебі, аймақтарда бала құқығының сақталуын қаматамасыз етуі тиіс мамандардың өзі көп жағдайда ол құқық туралы толық ақпараттанбаған. Сонымен қатар сайт арқылы және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратуды белсенді түрде қолға алдық. Ал қоғамдық қабылдаулар жұмысы өз алдына үлкен іс. Себебі, жоба қанша уақыт жұмыс істейді, кеңес беру, нақты істер, қадамдар жасау толастар емес. Мыңдаған өтініш пен тілек «150» номер телефонына келіп түседі. Жоғары дәрежедегі мамандар ол бағыттағы жұмысты да жақсы атқарып келеді. Біз тренингтер кезінде әдейі «150» номеріне хабарласып, қызметті тексеру жасап көрдік бірнеше рет», – деп атап өтті.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова жобаның маңыздылығы жөнінде пікір білдірді. «Ең әуелі осында ортамызға келіп, өз оқиғасы туралы айтып берген балаға рахмет айтқым келеді. Себебі, мұндай деңгейдегі жиналыста сөз сөйлеу, қатысу бала үшін оңай емес. Алайда, сондай батылдық танытқан қонағымызға қошемет көрсетіп жіберсек. Сонымен қатар, осы ауқымды жобаға қаржылай қолдау көрсеткен Еуропа одағына рахмет айтқымыз келеді. Ендігі бұл бағыттағы жұмыс тоқтатылғаны өкінішті, десек те, жобаны жалғастырудың жолдарын біз қарастырамыз. Балалардың құқығы үлкен мәселе, онымен айналысуды дәл осы жоба аясындағыдай кешенді түрде жалғастыру керек. Қазақстанның адам құқығы жөніндегі омбудсменнің кеңсесіне айлғыс айтқым келеді. Жоба басталғаннан бері бізді қолдап келе жатқаны үшін. Өкінішке орай осыған дейнгі бала құқығы жөніндегі омбудсменмен жұмыс жүргізе алмадық. Ең жақын уақытта бұл міндетке енді кіріскен жаңа омбудсменмен кездесіп, бірге күш жұмылдырамыз деп үміттенемін. Барлығымыздың да мақсатымыз балалардың құқығының сақталуын қамтамасыз ету болғандықтан, меніңше күш жұмылдыру өте маңызды.

Жоба жұмысына келер болсақ, бүкіл Қазақстанды қамтыған бала құқығы бойынша ең ауқымды іс десем қателеспеймін. Жиырма қоғамдық қабылдау орны жұмыс істеп тұрған басқа жобаны мен білмеймін.

Бала құқығы бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер үшін семинар, тренинг өткізудің де өз мәні болды. Себебі, олардың көпшілігі халықаралық нормалар мен Қазақстан өзіне алған міндеттерден хабарсыз. Біздің берген ақпарат көп аймақта жаңалық ретінде қабылданып, үлкен топтар жиналып тұрды. Меніңше осының өзі жоба жұмысының қарқыны мен жемісін көрсетеді», – деді Роза Ақылбекова.

Жоба үйлестірушілері алдағы жоспармен таныстырып, аталған бағыттағы жұмыс жалғасатынын айтты.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз