• Басты
  • >
  • «Балалардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету біздің міндет»

«Балалардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету біздің міндет»

30.11.2018

Алматыда Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің қолдауымен екі жыл жүзеге асырылған балалар құқығын қолдау және қорғауға бағытталған жобаның қорытынды жиыны өтті. Жоба аясында жасөспірімдерге қатысты сот төрелігі тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірқатар оқыту семинарлары мен тренингтердің өткізілгені, еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық қабылдаулардың жұмыс істеп, 150 тегін шұғыл көмек телефон нөмірі жұмыс істегені айтылды.  

Еуроодақ өкілдігінің қаржыландыруымен жүзеге асқан жобаны «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» және «Балалар қоры», Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро жанында жұмыс істейтін «Балаларды қорғау жөніндегі коалиция» жүзеге асырды.

Жобаның арқасында Қазақстандағы балаларға қатысты жабық мекемелердің жағдайына толық сараптама жасалып шықты. Яғни, жұмыс тобы әр мекемеге арнайы барып, балалардың өзімен де сөйлесіп, олардың жағдайына объективті баға беруге, нәтижесінде мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындауға мүмкіндік алған.

 «150» – балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефонына 400 000 (төрт жүз мың) қоңырау шалынды. Оның ішінде дәл балалардың құқығының бұзылуына қатысты 14000 қоңырау шалынған.

 Еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істеген 20 қоғамдық қабылдау орындарының арқасында көптеген азаматқа, жасөспірімдер мен балаларға көмек беруге мүмкіндік туды. Жоба жұмыс істеген екі жылда қоғамдық қабылдауларға 6190 арыз түскен.

Қазақстанның сегіз өңірінде: Ақтау, Петропавл, Өскемен, Семей, Павлодар, Талдықорған, Шымкент, Көкшетау қалаларында мемлекеттік орган өкілдері мен жергілікті үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған оқыту, консультациялық семинарлар өтті. Оған қатысушылардың барлығы да жасөспірімдерге қатысты сот төрелігін атқару жүйесіне тікелей қатысы бар азаматтар. Қатысушылар баланың жынысы мен жасына қарай оқытудағы әлемдік үздік практика және жаңа технолигияларға үйретілді.. Интерактивті оқыту жүйесі арқылы жекелеген жағдайлар қарастырылып, шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар жобаның серіктестерінің бұл саладағы көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып таңдалды. Яғни, қатысқан азаматтардың барлығы да балалардың бұзылған құқығын қалпына келтіру және жасөспірімдерге қатысты сот жүйесінің жақсаруына мүдделі адамдар. Сонымен қатар, Қазақстанның «Балаларды қорғау жөніндегі коалициясымен» ары қарай да тығыз жұмыс істеуге мүдделі серіктестер іріктелді. Ювиналды соттар, ювиналды адвокаттар, тергеушілер, пробация қызметкерлері және психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуы құптарлық, үлкен нәтиже болды.

Аталған жұмыстың арқасында 450 мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері өздерінің кәсібилігін арттырды.

Өкінішке орай Қазақстандағы практика жасөспірімдерге қатысты сот атқару жүйесі және оның қызметкерлерінің бұл сала бойынша халықаралық нормалар мен стандарттарды жетік білмейтінін көрсетеді. Әдетте процесуалды шешім шығару кезінде мемлекеттік органдар тек Қазақстан заңнамасына сүйенеді. Ал Қазақстан халықаралық деңгейде мойындап, өзіне алған заңдық міндеттері ескерусіз қалады. Қазақстан қабылдаған Бала құқығы жөніндегі конвенция да басқа халықаралық құжаттар сынды көбіне соттардың шешімінде өз орнын таппайды.

Ювиналды әділет жүйесі дұрыс жұмыс істеуі үшін оған жауапты барлық органдардың, әкімшілік, полиция, адвокаттар, соттар, білім және денсаулық саласы қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейі өте маңызды. Сонымен қатар БҰҰ «Бала құқығы жөніндегі» Конвенцияны білу және қолдану деңгейі де өте маңызды. Баланың тергеу, сот атқару кезінде барлық құқығының сақталуын қадағалау – ең басты принцип.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі:

– ювиналды сот атқару жүйесіне қатысы бар сарапшылардың деңгейі көтерілді. Жұмысшы тобының кездесулері, семинар-консультациялар олардың халықаралық стандарттар туралы ақпаратын арттырып қана қоймай, заңдық мәдениетін жоғарылатуға ықпал етті.

– оқу-ақпараттық жұмысқа қатысқан азаматтармен кері байланыс орнатылып, бұл саладағы практикалық проблемаларды саралап, сараптауға мүмкіндік туды.

 – қатысушалар семиналар мен кездесулерде алған ақпаратты тек қана практикада қолданып қоймай, өз әріптестерімен бөлісіп, келесі семинарларда тренер ретінде қатысуына болады.

Дөңгелек үстелге қатысқан Еуроодақ өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері және жобаны тікелей жүзеге асырған үкіметтік емес ұйым өкілдері мұндай нәтижелі істің ар


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз