«Қазақстандағы тіркелмеген «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымының мүшелері мен оларды қолдаушыларға қатысты қудалау мен қысым жалғасуда» баспасөз конференциясы
  • Главная
  • >
  • «Қазақстандағы  тіркелмеген «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымының мүшелері мен оларды қолдаушыларға қатысты қудалау мен қысым жалғасуда» баспасөз конференциясы

«Қазақстандағы  тіркелмеген «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымының мүшелері мен оларды қолдаушыларға қатысты қудалау мен қысым жалғасуда» баспасөз конференциясы

11.11.2026

2026 жылғы 12 қарашада сағат 12:00-де Алматыда «Қазақстандағы  тіркелмеген «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымының мүшелері мен оларды қолдаушыларға қатысты қудалау мен қысым жалғасуда» баспасөз конференциясы өтеді.

Атап айтқанда, Астанадағы «Атажұрт» ұйымының қолдаушысы Нұрмахан Жандарбековке ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру») қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, осы бап бойынша сотталып, бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген «Атажұрт» мүшелеріне қатысты билік тарапынан қысым күшейіп отыр.

Осыған байланысты баспасөз конференциясында төмендегі талаптар жарияланады:

НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

1. Қазақстан билігінен тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының жазықсыз сотталған 18 мүшесін дереу босатуды талап ету.

2. Сотталған азаматтарды қолдағаны үшін ұйым мүшелері мен жақтастарына көрсетіліп жатқан қысым мен қудалауды тоқтатуды талап ету.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 12 қараша, сағат 12:00.

Өтетін орны: Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі бюроның баспасөз орталығы.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 103 / Төле би көшесі, 70.

(«Детский мир» дүкені орналасқан ғимарат, 4-қабат, сұр есік, 410-кабинет).

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Андрей Гришин

Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның баспасөз орталығы

Тел.: +7 707 420 40 14