17 қараша (дүйсенбі) 2025 сағат 12:00 Алматыда “Атажұрт” партиясының баспасөз конференциясы өтеді.
2025 жылы 13 қарашада тіркелмеген “Атажұрт” партиясы мүшелері Қытай билігінің Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды 125 күн бойы еш себепсіз қамап отырған әрекетіне байланысты “Қалжат” шекарасына жақын маңда бейбіт наразылық шарасын өткізген болатын. Аталған бейбіт әрекет үшін Қазақстан билігі 12 мүшемізді сол күні әкімшілік қамауға алды, 6 адамға әкімшілік айыппұл салды. Ал 15 қараша Астанадағы 4 мүшемізді «митингке шақырдың» деген көпе-көрнеу жаламен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Тақырыбы:
1. Қазақстан билігінің тіркелмеген “Атажұрт” мүшелерін жаппай заңсыз әкімшілік қамауға алуы, жала жабуы және негізсіз айыппұл салуы
2. Қазақстан азаматтарын сотсыз, тергеусіз,заңсыз ұстап отырған Қытай билігіне наразылық білдіру ол- құқық бұзушылық емес, ол-біздің конституциялық құқығымыз.
Спикерлер:
1. Нәзигүл МАҚСҰТҚАН , тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі, заңгер.
2. Дина НҰРДЫБАЙ, Қытай концлагерінің күәгері , тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі.
3. Оралхан ӘБЕН, 15 тәулікке қамауға алынған Тұрсынбек Қабидің жұбайы
4. Гүлдария ШЕРИЗАТ, Қытайда жазықсыз қамалған Әлімнұр Тұрғанбайдың жұбайы
5. Гүлнар МАҚСҰТХАН, 15 тәулікке қамауға алынған Беделхан Қабыләшімнің жұбайы
Уақыты: 2025 жылдың 17 қараша , сағат 12:00
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан проспектісі, 103/Төле би 70 г. Алматы, пр. Абылай хан 103/Толе би 70 («Детский мир» дүкенінің ғимараты, 4 қабат, сұр есік, 410 кабинет)
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Ақпарат үшін:
Андрей Гришин
Пресс-центр КМБПЧ
8 707 420 40 14
