2025 жылғы 15 қазан сағат 11:00-де Алматы қаласында «Мирболат Мырзатайұлы ісі бойынша тергеу аяқталды: әділ шешім күтеміз» баспасөз конференциясы өтеді.
Журналист Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша жүргізілген тергеу ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты істің мән-жайы мен келесі процессуалдық кезеңдер жөнінде қоғамға ашық ақпарат беру мақсатында баспасөз конференциясы өткізіледі.
Іс қоғамда кең резонанс тудырғандықтан, жиын барысында тергеу қорытындысы, заңдық тұрғыдан талдау және әділ шешімге деген қоғамдық үміт мәселелері талқыланады.
Модератор:
Худайшүкір АБДУЛЛАЕВ
Спикерлер:
Асылбек ҚАРАЕЕВ – заңгер
Гүлшат БИШУИНОВА – Мирболат Мырзатайұлының жары
Рақыш ТОҚПАНБЕТОВ – қоғам белсендісі
Күні: 2025 жылғы 15 қазан
Уақыты: сағат 11:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 70 (“Балалар Әлемі” ғимараты), 4-қабат, 410- кеңсе
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Қосымша мәлімет пен аккредитация бойынша: Жумахынова Гүлзада, 87078876189
Андрей Гришин, Бюро баспасөз орталығы, 8 707 420 40 14