16 шілде 2025 жылы (сәрсенбі) сағат 15;00 де Алматы қаласында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша қоғаушы адвокттардың пресс конференциясы өтеді.
05 маусым 2025 жылы Талдықорған қаласында өткен Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үлкен қоғамдық резонанс тудырған Полат Шерзаттың өліміне қатысты өткен соттың үкімі жарияланды.
Аталған үкімге сәйкес, сотталушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың туыстары аталған үкіммен келіспейді, олар бұл үкім қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды өрескел бұза отырып шығарылған деп санайды және тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына да, сотталғандардың жеке басына да сәйкес келмейді деп есептейді.
Сот қоғамдық резонанстың ықпалына беріліп, әділетсіз үкім шығарды. Сот отырысында жауап алынған сот-медициналық сарапшы Жолымбетов О. пышақ жарақаттары Н. Гаипбаевқа бір адам және бір пышақпен келтірілгенін тікелей айтты. Алайда сот үкімде бұл деректерді бұрмалап, бұл мәліметтерді сот-медициналық сарапшы Халимназаров айтты деп көрсеткен, Шынасыл Абзалдың тергеу барысында да, сотта да Н. Гаипбаевтың оң жақ жамбас тұсына үш пышақ жарақатын өзі салғанын мәлімдегенін ескерсек, бұл – үкімдегі соттың тұжырымдары мен іс бойынша нақты жағдайларға қайшы келетінін көреміз.
Куәлардың барлығы бір ауыздан Н. Гаипбаев оқ атқанын айтқанына қарамастан, бұл мәлімдемелер сот тарапынан ескерілмей үкімде айыпталушыларға қарай оқ атқан ер адам анықталмаған белгісіз тұлға болып көрсетілген.
Пресс конференцияда қорғаушы адвокаттар мен сотталушылардың туысқандары сот үкімінде жіберілген осы да және де басқа да бұрмалаушылықтар мен заң бұзушылықтар туралы өз ой пікірлерімен бөліседі.
Спикерлер:
Жумат АБЕНОВ, Карлыгаш ОРЫНБАЕВА (Шынасыл А.)
Мади БОЛЕНБАЕВ (Сакиев Р.)
Гаухар БАЙМУХАНОВА (Калиахмет Д.)
Гулмира БАБАЖАНОВА (Токтаубаевы)
Даулет СЫДЫКБЕКОВ (Нурбекова Э., Жаксыгелдіқызы Д.)
Маулен ЕРЖАНОВ (Әскентай Д.)
Уақыты: 2025 жылдың 16 шілдесі, сағат 15:00
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан проспектісі, 103/Төле би 70 г. Алматы, пр. Абылай хан 103/Толе би 70 («Детский мир» дүкенінің ғимараты, 4 қабат, сұр есік, 410 кабинет)
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Ақпарат үшін: 8 701 594 95 17
Андрей Гришин
Пресс-центр КМБПЧ
8 707 420 40 14