• Главная
  • >
  • «Тәуелсіз журналисті экстремист жасамақ» пресс-конференциясы

«Тәуелсіз журналисті экстремист жасамақ» пресс-конференциясы

22.06.2023

Маусым айының 23-і күні Адам құқықтарын қорғау бюросында сағат 11:00-де тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

«Не дейді?» ютуб арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім билікті ашық сынап жүрген журналист. Ол 19 наурызда өткен парламент сайлауынан кейін «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген желеумен бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған. Соңғы рет мамыр айының соңында 25 тәулікке қамалып, 22 маусымда бостандыққа шығуы тиіс болған. Бірақ «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптарымен изолятордан шықпастан 48 сағатқа қайтадан қамалды.

Спикерлер:

Адвокат — Ғалым НҰРПЕЙІСОВ

Әкесі — Алмаз ТІЛЕПОВ

Қоғам қайраткері — Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Қоғам қайраткері — Жарқын КҮРЕНТАЕВ

Өтетін орны: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро баспасөз орталығы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, 8-ықшам аудан, 4 а үй, 425 кеңсе.

Уақыты: 23.06.2023 жыл, сағат: 11:00.

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Байланыс телефоны: 8 7272 498670

Инга Иманбай


Смотрите также