Ерімбетовтың туыстары оның өміріне алаңдаулы

21.12.2017

Ескендір Ерімбетовке қатысты жағдай күннен-күнге ушығып келеді. Өткен аптада түрме басшылығы Е.Ерімбетовты оның жағдайын білуге арнайы келген құқыққорғаушыларға көрсетпей қойған еді. Бүгін баспасөз мәжілісінде анасының айтуынша, ұлдарын тергеу органдары түрлі сылтаумен көрсетпей келеді, заңмен берілген қоғамдық қорғаушы статусын да түрлі себеппен әлі бермеген. Тергеушілердің бұл жолғы сылтауы қоғамдық қорғаушы статусын тағайындайтын мөрді тек Астанадан қойдыруға болады.
Баспасөз мәжілісі спикерлерінің айтуынша, осының барлығы Ерімбетовты қорғаушылар мен ата-анасына көрсетпеудің амалы. Сондықтан, жақындары оның өмірі мен денсаулығына алаңдаулы.

Туыстары дәл қазір Ерімбетовтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 7 адаммен бірге отырғанын, олардың қысым көрсетіп, 200 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы талап еткенін айтады.

Аталған мәселе бойынша жазылған шағымның барлығына түрме басшылығы тек құрғақ уәдемен шектелуде екен. Ал іс жүзінде оның әлі де қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегенін айтады.

Ерімбетовтың анасы қамауға алынғаннан бері ұлын 2-3 минутқа, тергеу органы дәлізінде көргенін, ұлының жағдайы нашар болғаны сондай, оны танымай қалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Ерімбетовке – 2005-2013 жылдар аралы-ғында Мұхтар Әблязовтан қаржы алды, ол әркетімен БТА банктен ұрланған қаржының ізін жасырды деген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 193 бабы бойынша айып тағылған.
Бұл іс бойынша Ерімбетовпен бірге жұмыс істеген Дмитрий Пестов, Василина Соколенко және Михаил Зоров та тұтқынға алынған. Кәсіпкердің әкесі, Мырзахан Ерімбетовтың айтуынша, дәл қазір бұл азаматтарға қысым көрсетіліп, өзіне және ұлына қатысты куәлік беру талап етілуде. Ол осының барлығы қызы Ботагөз Жәрдемәліні елге қайтару мақсатында жасалған бопсалау әрекеті екенін айтады.
Ботагөз Жәрдемәлі Мұхтар Әблязовтың заңгерлік қорғауын басқарған. 2013 жылы Қазақстан билігі Әблязов ісі аясында оған да іс қозғап, Интерполдың іздеуіне салған. Сол жылы Белгия билігі оған саяси босқын мәртебесін беріп, 2016 жылы Интерпол Б.Жәрдемәліні өз тізімінен алып тастаған.

15 қараша күні сот Ерімбетовты 2 айға уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарып, мемлекеттік айыптаушы оның және туыстарының мүлкін тәркілеуді сұраған.

Іспен жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушісі С.Н.Перов жетекшілігіндегі ведомство- аралық топ айналысады.

Ал біздің бюроның баспасөз залында жасалған ұрлыққа қатысты қай орган жауап береді? Әлде Ерімбетов қорғаушыларын тыңдаушылар өздерінің мүлкін қайтарудың басқа амалын таппады ма?

Енді баспасөз мәжілісінде болған оқыс жағдайға келсек. Суретте қызылмен белгіленген ер азамат тыңдау құрылғысын алып қашқан адам. Ендігі мәселе оның кім екені?  

 

 


Добавить комментарий