БҰҰ Қазақстаннан дін қызметкері мүддесі үшін әрекет етуді талап етуде

19.01.2018

 Шамамен бір жылдан аса уақыт бұрын әділетсіз түрмеге жабылған 61 жастағы Ахмедов мырзаның денсаулығы нашар. Қазақстан соттары оның аппеляциясын қарастырудан бас тартып, заңсыз діни іс-әрекет жасады деп оған қатысты шығарылған сот үкімін өз күшінде қалдырған соң, Ахмедов мырза аталмыш Комитеттің көмегіне жүгінді.

Комитет 2018 жылдың 9 қаңтарындағы мәлімдемесінде Ахмедов мырзаның шағымына қатысты шешім шығарылғанша, Қазақстаннан оның жағдайын уақытша жеңілдетуді талап етуде. Комитет Қазақстан үкіметін “[Ахмедов мырзаға] дереу лайықты түрде медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ оның түрмедегі жағдайы [Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактіге] және халықаралық стандарттарға толығымен сай болуына жағдай жасауға” шақырып отыр. Сонымен қатар аталмыш мәлімдемеде Қазақстан үкіметінің “оның денсаулығының мүшкілдігін ескеріп, оны түрмеден босату немесе үй жағдайындағы қамаққа ауыстыру” мүмкіндігін қарастыруы туралы да айтылған.

Комитеттің уақытша шара қолдану туралы өтініші БҰҰ-ның Негізсіз қамауға алу бойынша жұмыс тобының пікірінде назар аударылған Ахмедов мырзаның хал-ахуалына деген алаңдаушылығын еске салады. 2017 жылдың қазан айында Жұмыс тобы Ахмедов мырзаның арызын қарастырып, оның қамауға алынуы еш негізсіз деп, әрі үкімет оны қамаудан босатып, оған қатысты жасалған әділетсіздіктің орнын толтыруға тиіс деген шешім шығарған. Осы уақытқа дейін Қазақстан үкіметі іс-әрекетін айыптап отырған Жұмыс тобының шешімін елемей келді. Ахмедов мырза бес жылдық қамау мерзімінің бір жылдан аса уақытын қамауда өткізді.

 

 

 

 

 


Добавить комментарий