• Главная
  • >
  • «Референдумға халықтың ұсынысын кіргізу және референдум уақытын ұзарту туралы президентке үндеу жасау» баспасөз мәжілісі

«Референдумға халықтың ұсынысын кіргізу және референдум уақытын ұзарту туралы президентке үндеу жасау» баспасөз мәжілісі

17.05.2022

Тақырыбы: «Референдумға халықтың ұсынысын кіргізу және референдум уақытын ұзарту туралы президентке үндеу жасау»

Өтетін орны: Алматы қаласы, 8 микрорайон 4а үй, 4 қабат 425 кәбинет.  Адам құқықтары мен заңдылықтарын сақтау бюросы (Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесі қилысы)

Өтетін уақыты: 2022 жылы 18 мамыр, Сағат 11:00 де

Трансляциясы: https://www.facebook.com/kibhr/live/.

Баспасөздің мақсаты: 5 маусымда өтетін референдумға халықтың ұсынысын кіргізу және референдум уақытын ұзарту туралы Президентке үндеу жасау.

Баспасөз бааяны:

  • 5 маусымда өтетеін Перезиденттің ұсынған “Атазаң”-ның 35 түрлі бабына өзгертулер енгізу турлаы “Референдум” жобасын талқылау:
  • Референдумдағы 33 баптан тұратын заңға, халықтың ұсынысын енгізу туралы Президентке ұндеу жасау және хылықтың ұсынысын жариялау;
  • Референдумды халық жан-жақты, толық талқылап үлгеру үшін Референдум уақытын кем дегенде 3 айға, яғни “30” тамызға белгілеу тұралы Президентке ұсыныс жасау;

Баспасөз қонақтары:

1. Марат Тоқашбаев – жазушы-публисит, “Заң гезеті”, “Президент және халық” газеттерінің бас редакторы

2. Есенқазы Қуандық – Тарих ғылымдарының докторы, профессор.

3. Дос Көшім – “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігі төрағасы.

4. Жанат Қазақбай – “Халықаралық Атажұрт Жастары” қоғамдық бірлестігі хатшысы.

5. Құдайғашүкір Абдуллаев – “Мұхалмас” қоғамдық бірлестігі Алматы бөлімшесінің басшысы

Ұйымдастыру алқалары: Халықтық жұмыс тобы

Байланыс телефондары: +77023398144, +77073978179, +77776753855

E-mail: atajurt-jastar@esdaulet

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қ.К.Тоқаевқа

2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін сіз саяси партиялар туралы заңнаманы ырықтандыру, Президенттің өкілеттіктерін қысқарту, сайлау жүйесін өзгерту арқылы түбегейлі саяси реформалар жүргізуге уәде бердіңіз. Осы мақсатта сіз 5 маусымда республикалық референдумда қабылдауды ұсынған Конституцияға түзетулер жобасын дайындауға бастамашы болдыңыз.

Алайда Сіздің бастамашылдығыңызбен саяси жүйені өзгертуде үш негізгі мәселе бар:

* ел азаматтарының Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша өз нұсқасын тұжырымдауға мүмкіндігі жоқ;

* жоба елдің бұрынғы президентінің барлық мәртебесін алып тастаса да, уәде етілген саяси реформалардың демократиялық сипатына сәйкес келмейтін президенттік өкілеттіктердің көпшілігі өзгеріссіз қалады;

* референдум өткізу форматының өзі азаматтардың объективті еркін білдіруін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпейді, өйткені әрбір түзету үшін жеке дауыс беруге жол бермейді.

Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтық қоғам өкілдері ретінде Сізге референдумға шығарылатын заңның мазмұнына түзетулер енгізуді, немесе ел  азаматтарының балама жоба ұсынуына жағдай жасауды сүраймыз.

Атап айтқанда, Президенттің өкілеттігін шын мәніде қысқарту, Сенатты таратып, Мәжіліс депутаттарының санын ұлғайту арқылы Парламентті қалыптастыру тәртібін өзгерту, өкілеттік берілген заңнама актілеріне парламенттік бақылау орнату, Мәжілістің өкілеттігін кеңейту, Конституциялық сот мүшелерін сайлау құқығын заң шығарушы билік органына толық беру, соттар мен барлық деңгейдегі әкімдерге тікелей сайлау енгізу қажет. Сот жүйесі реформалауды қажет етеді сот, өйткені мықты және әділ сот билігі болмаса, билік тармақтары арасында қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз ету, азаматтар өздерінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкін емес.

Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген норманы енгізу ұсынылады, бірақ мемлекет оның атынан меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады. Мемлекеттің 30 жыл бойы табиғи ресурстарға тиімсіз иелік етуінің нәтижесінде Қазақстан халқы өз елінің табиғи байлықтарының пайдасын көрген жоқ. Егер Конституцияда немесе ағымдағы заңнамада азаматтардың табиғи ресурстардан дивидендтер алу құқығы, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатының толықтырылуы мен жұмсалуына ашық қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету туралы норма бекітілмесе, онда ештеңе өзгермейді.

Біртұтас қазақ ұлтын этностық емес, саяси қағидат бойынша қалыптастыру мемлекеттік органдардағы орыс тілінің ресми мәртебесін тоқтату туралы мәселенің өзектілігін арттырады.

Азаматтардың пікірін қоғам мен мемлекет назарына жеткізу үшін біз конституциялық құқық саласындағы мамандар, тәжірибелі заңгерлер, азаматтық белсенділер және ел болашағына  жанашыр жандардан құралған бастамашыл топ құрдық. Біздің ұжымдық жұмысымыздың нәтижесі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын ұсынған құжат болды.

Біз үшін Конституцияға түзетулер жобасының ресми нұсқасын өзгертуді талап етеміз, түзетулер ел азаматтарының мүдделерін қамтуы тиіс. Сонымен қатар, халық түзетулердің әрқайсысына бөлек дауыс беруі керек. Қазақстан халқы не үшін дауыс беретінін таңдасын. Өйткені, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Сөздің шындығына келсек, жаңа Қазақстанға жаңа Конституция керек екені бәрімізге мәлім! Сондықтан тағайындалған референдум мерзімін заңға сәйкес жылжытып, азаматтық қоғам ұсынған өзгерістерді енгізе отырып, жаңа Конституция қабылдануын талап етеміз!

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша комиссияның ұсынған түзетулерін қарап шыққаннан кейін (2022 ж. сәуір)

біз өзіміздің балама жобамызды ұсынып отырмыз:

Жобада мыналар көзделуге тиіс: ел азаматтарының құқықтарын кеңейту, биліктің бөлінуі және олардың тепе-теңдігі, биліктің жоғары лауазымдарының жауапкершілігі, Парламентте  Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық бақылау, соттың тәуелсіздігі және еркін БАҚ.

1.         1-баптың 2-тармағы «адамның тәуелсіздігі, кепілді бостандығы, заңның үстемдігі» деген сөздермен толықтырылсын);

2.         2-баптың 3 және 3-1-тармақтары «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деп өзгертілсін;

3.         6-баптың 3-тармағы «Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деген бөлігінде алып тасталсын;

4.         ҚР Конституциясының 7 – бабының 2-тармағы орыс тілінің мәртебесіне байланысты норма алынып тасталсын.

5.         10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сепаратизмге шақырғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі»;

6.         42-баптың 5-тармағы «қатарынан» деген сөз алып тасталсын, өйткені бір адам екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды;

7.         43-бап 5-тармақпен толықтырылсын: «Президент пен оның туыстарының мүлкі кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы президенттік декларацияны жариялау арқылы жұртшылық үшін жариялылық пен ашықтық нысанасы болуға тиіс».;

8.         44-бапта:

1). 2) тармақшадағы «Парламент Сенаты» деген сөздер «Мәжіліс» деген сөзбен ауыстырылсын;

2). 3) тармақшадағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;» деген сөздер алынып тасталмасын. Себебі бұл Президентті жауапкершіліктен босатады; 

3).  4) тармақша алып тасталсын;

4). Президенттің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау құқығына қатысты 7-тармақ алынып тасталсын; (бірақ, Конституцияда ОСК қалай жасақталатынын көрсету қажет)

9.46-баптың 3 тармағы алынып тасталсын.

10.       1. 47-баптың 2-тармағы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: (Президентті қызметінен кетіру)

2.  Қазақстан Республикасының Президенті өз міндеттерін атқару кезінде жасаған іс-әрекеттері үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін толық жауапты болады. Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаған, не құқық бұзушылық жасаған жағдайларда, Мәжіліс депутаттарының бір тобы Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы бастама көтере алады.  Мәжіліс депутаттарының өз өкілеттігін толық көлемде жүзеге асыруға, шын мәнінде қабілетсіздігіне байланысты немесе құқық бұзғанына қарай Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіруін, Мәжілістің барлық депутаттарының төрттен бір бөлігі ұсынуы мүмкін.

Президентті қызметінен кетіру үшін негіз болған мән-жайларды тергеп-тексеруді, Президентті қызметінен кетіру туралы бастама көтерген Мәжіліс депутаттарын және Конституциялық сот пен Орталық сайлау комиссиясының екі өкілін қоспағанда, құрамында Мәжіліс депутаттары бар, саны 11 адам арнайы комиссия жүзеге асырады.  Арнайы комиссияның тергеп-тексеру нәтижелері оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және Конституциялық Соттың қарауына беріледі. Конституциялық Сот белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтай отырып, өз шешімін шығара отырып, бастаманың негізділігін қарайды. 

Конституциялық сот шешімінің қорытындысы бойынша Мәжіліс қазіргі президентті қызметінен кетіру туралы мәселені қарайды. Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы шешім Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің айқын басым көпшілік даусымен қабылданады.

Конституциялық Соттың Президентті айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде қызметінен кетіру туралы мәселе бойынша шешім қабылдамауы Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылды деп тануға әкеп соғады.

11.       Қазақстан үшін бір палаталы Парламент жеткілікті болғандықтан, Конституцияда Сенатты таратып, оның барлық өкілеттігін Мәжіліске беру жеткілікті (50-бап өзгертіліп, Сенат Конституцияның бүкіл мәтіні бойынша қай жерде аталса да, одан әрі алып тасталсын);

12.       50-бапта

1) 2-тармақтан екінші ұсыныс алынып тасталсын

2) 3-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мәжіліс Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша тепе-тең өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын жүз тоқсан депутаттан тұрады.». Қазақстанның 100 000 азаматына шаққанда 1 депутаттың үлесін сақтау үшін Мәжіліс депутаттарының санын 189-ға дейін ұлғайту қажет.

13.       53-бап 1-2-тармақша алынып тасталсын.

14.       Сенатты тарату ұсынысына сәйкес 54-бап ретке келтірілсін.

15.       55-бап алып тасталсын және Сенаттың барлық өкілеттігі Мәжіліске берілсін.

16.       56-бапта:

1) 2-тармақшаның 1-тармағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын.

2) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын баламалы негізде жасырын дауыс беру жолымен сайлау».

17.       57-баптың 1) тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Конституциялық Соттың барлық судьяларын баламалы негізде сайлайды; Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшелерін және Жоғары аудиторлық палатаның барлық мүшелерін жасырын дауыс беру арқылы баламалы негізде бес жыл мерзімге сайлайды;».

18.       58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Мәжіліске Конституциялық Сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне сайлау үшін кандидатуралар ұсынады;».

19.       61-бапта:

1) 2-тармақ толықтыру 2-бөлім алып тасталсын.

2) 3-тармақ толықтырудың 3-бөлігі алынып тасталсын. (Үкімет заң шығарушы орган емес, атқарушы орган болып табылады)

3) 4-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасын тұтастай қабылдамауға құқылы. Қабылданбаған заң жобасы қабылданбаған болып есептеледі және бастамашыға қайтарылады. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынылады.

4) 5-тармақ толығымен алынып тасталсын.

20.       62-бапта:

5-тармақ өзгертілсін және Сенат Мәжіліске деген сөз ауыстырылсын.

21.       71-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын және жазылсын:

«Конституциялық сот мәжіліс баламалы негізде алты жыл мерзімге сайлайтын он бір судьядан тұрады. Бір адам Конституциялық соттың мүшесі болып екі реттен артық сайлана алмайды. Конституциялық Соттың мүшелері Жоғарғы Соттың, заң қауымдастықтарының бір-бір кандидаттан ұсынуымен және азаматтардың өзін-өзі ұсыну жолымен баламалы негізде сайланады».

2-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

«Конституциялық Соттың Төрағасы жыл сайын осы соттың мүшелері құрамынан сайланып, орын ауыстырып отырады. Бір рет сот төрағасы болып сайланған адам сот өкілеттігінің алты жылдық мерзімі кезеңінде қайта сайлана алмайды. Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен, оның орынбасарын, осы сот мүшелері өз құрамынан сайлайды.

3-тармақ толығымен алынып тасталсын.

22. 72-баптың 6-тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын: Конституциялық Сот үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген, олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің,  Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды.

23.       79-бап 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Барлық деңгейдегі соттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының тікелей сайлауы арқылы баламалы негізде сайланатын тұрақты судьялардан тұрады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. Соттардың төрағаларын тиісті соттар құрамдарының мүшелері жыл сайын өз ішінен сайлайды».

24.       82-баптың 4-тармағы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын.

4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын және Кеңес аппаратының басшысын Мәжіліс Президенттің және Жоғарғы Сот бойынша ұсынуы бойынша баламалы негізде және өзін-өзі ұсыну жолымен сайлайды. Кеңес аппаратының санын Мәжіліс белгілейді. 

25.       83-баптың 2-тармағы «Президент» деген сөз «Мәжіліс» деген сөзбен ауыстырылсын.

26.       87-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тікелей сайлау арқылы баламалы негізде сайланады. Президент тарапынан және саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдар бірлесіп бір кандидаттан,  сондай-ақ ҚР азаматтары өзін-өзі ұсыну жолымен әкім қызметіне сайлауға түсе алады. Дауыс беруге қатысқан 50 пайыздан астам дауыс алған Кандидат сайланды деп есептеледі. Бірде-бір кандидат дауыс бергендер санының 50 пайызынан астамын жинамаған жағдайда, онда екінші тур ұйымдастырылады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады.

27.88-баптың 4-тармағындағы «Президентпен» деген сөз алынып тасталсын.

Халықтық Конституция жұмыс тобы


Смотрите также