• Басты
  • >
  • Сот Семенованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Сот Семенованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

30.09.2020

Павлодар облысының соты құқық қорғаушы Елена Семенованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Павлодар облысының сот алқасы бұған дейін Алматы облысы Заречный елді мекенінде орналасқан ЕС-164/4 мекемесінің арызы (іскерлік беделіне нұқсан келтіру) бойынша шыққан Павлодар қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот ол кезде Семенованың Facebook-та жариялаған жазбасын «шындыққа сәйкес келмейді» деп танып, мекеменің “іскерлік беделіне нұқсан келтірді” деп тапқан. Жазбада Семенова тұтқын Михаил Санинді түрме қызметкерлері ұрып-соқты деп жазған.

Құқық қорғаушы Елена Семенова соңғы бес жылда сотпен қудаланып келеді. Былтыр «Amnesty International» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Семенованы қудалауды тоқтатуды, оның қызметіне кедергі келтірмеуге шақырған.